spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
17.2 C
Kokshetau

«Наурыз шапағаты»

Сондай-ақ...оқыңыз

 

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Наурыз мерекесіне орай «Наурыз шапағаты» атты заманауи сән үлгісіндегі  ұлттық  киімдер көрсетілімін ұсынды және  «Ел іші – өнер кеніші» атты көрме ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шараның мақсаты – атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық киімдердің үлгісін көрсету, салт-дәстүрлерді жастарға дәріптеп, насихаттау болып табылады. Байқаудың тағы бір ерекшелігі, ағымдағы жылы белгіленген «Наурызнама» он күндігіндегі ұлттық киім бөлімінің маңыздылығын арттыру да көзделген. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын байқауға Бұланды, Сандықтау, Зеренді, Шортанды, Бурабай аудандары және  Көкшетау қаласы мен оның іргесіндегі Станционный кентінің өнерпаздары қатысып, сайысқа түсті. Мәдени шараға Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жандаулет Қылышбаев қатысып, алғы сөзімен шара шымылдығын ашты.

– Көктің тынысын тыңдап, жердің тамыр басқан тұрмыс-тіршілігін табиғат анамен байланыстырған халқымыз, Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы деп бағалаған. «Наурызда Самарқанның көк тасы да жібиді» деген сөздің астарында үлкен мән жатыр. Наурыз тек күнмен түннің теңеліп, тіршілік атаулыға жан бітетін мейрам емес, бірлік пен еңбектің, мейрімділік пен ізгіліктің, достық пен татулықтың мерекесі, – дей келе Жандаулет Төлепбергенұлы жиналған қауымды Ұлыстың ұлы мерекесімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, сайысқа «Достар» мәдениет үйі директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Әсем Ыбыраева, облыстық ішкі саясат басқармасының Тілдерді  дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Айгүл Талпақова, облыстық «Әйелдер альянсының» төрайымы Анар Мұхамедрахимова, «Әкелер кеңесінің» төрағасы Ерлан Закирьянов, «Өрлеу» біліктілікті арттыру  ұлттық орталығының Ақмола облысы бойынша филиалының аға әдіскері Маржан Калижанова қазылық етіп, сайыстың әділ бағасын берді.

Байқау барысында қатысушылар заманауи сән үлгісіндегі ұлттық киім түрлерін ұсынып, әшекей бұйымдардың сан алуан түрін көрсетті. Онда үміткерлердің сахнада өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәдениеті, киімнің үйлесімділігі, эстетикалық талапқа сай болуына баса назар аударылды.

Сонымен бірге, 3 кезеңнен тұратын бұл сайыста әр ауданның өкілдері ұлттық киімді қазіргі сән үлгісінде көрсетіп, презентация, қойылымдар ретінде ұсынды. Және де, қазақ халқының салт-дәстүрлері тақырыбындағы  арнайы сұрақтарға жауап берді. Соңғы кезеңде, қатысушылар өз өнерлерін паш етіп, әрүрлі аспапта ойнап, ән шырқады.

Шара соңында қазылар алқасы барлық қатысушыларды жинаған ұпайлары бойынша қорытындылап, өнерпаздарды жаппай алғыс хаттармен және товарлық сертификаттармен, сыйлықтармен марапаттады. Наурыз мерекесіне арналған игі шараның соңы концерттік ән-шашуға ұласты.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img