spot_img
Бейсенбі, Желтоқсан 12, 2024
-6.4 C
Kokshetau

Ақмола облысында жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі аса өзекті

Сондай-ақ...оқыңыз

Маңызды әлеуметтік мәселелер қаралды, деп хабарлайды Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы Қарлыға Мұхатаева.

Айнагүл Балташеваның төрағалығымен және мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіповтің қатысуымен әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Ақмола облысында жастар саясатын дамыту мәселесі бойынша ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев, Жастар ресурстық орталығының басшысы Дастан Ермеков сөз сөйледі.

Талқылау барысында жас отбасыларды тұрғын үймен, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерін жатақханалармен қамтамасыз ету мәселелері аса өзекті екендігіне назар аударылды. Жастар ресурстық орталықтарының қызметіне келетін болсақ, барлық аудандарда жеке ғимараттары жоқ, бір бөлігі әкімдік ғимараттарында орналасқан, бұл жастарға қол жеткізуді қиындатуда. Депутат Сұлтанбек Бекешев атап өткендей, Жастар-ресурстық орталықтары директорлары мен қызметкерлерінің төмен жалақысы туралы мәселе бірнеше жыл көтерілуде.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – Ақмола облысындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық және отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі проблемалық мәселелерді шешуде кешенді жұмысты ұйымдастыру, отбасыларды  қолдау, дағдарыс орталықтарының қызметі.  Бұл мәселе бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина, сондай-ақ Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасыларды қолдау орталығы» КММ директоры Салтанат Жетпісбаева сөз сөйледі.

Аталған мекемелердің жұмыс регламентіне халық қалаулылары да көптеген сұрақтар қойды. Олардың пікірінше, өткен жылы құрылған отбасыларды қолдау орталықтары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірқатар функцияларын қайталайды, халықпен түсіндіру жұмыстары нашар жүргізілуде. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдауға арналған кризис орталықтарының жұмысы  көбінесе қоғамдық бірлестіктермен жүзеге асырылуда және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бөлінген қаражат әрдайым жеткіліксіз. Депутаттардың пікірінше, қызмет көрсету процесі үздіксіз және сапалы болуы үшін жобаларды іске асыру мерзімдері мен жұмыстардың құнын қайта қарау қажет.

Сондай-ақ, депутаттар Атбасар қаласында қан компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау және сату пунктінің жұмыс істеу мәселелерін талқылады. Тақырып бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахильбеков пен «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ МКК директоры Ермек Мұхамедиев өз түсініктемелерін берді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Асыл Мұра» жылдың үздік хореографиялық ұжымы атанды

14 желтоқсан күні "Достар" мәдениет сарайындаАқмола облысы мәдениет басқармасы жанындағыоблыстық халық шығармашылығы және мәденидемалыс орталығы ұйымдастырған "Жыл үздігі –...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img