spot_img
Жексенбі, Сәуір 28, 2024
16.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімін арттыру жоспарлануда

Сондай-ақ...оқыңыз

Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясы өтті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Ақмола облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі. Депутаттардың алдында акімнің м.а.  Елдос Рамазанов сөз сөйлеп, өңірдегі ағымдағы ахуал және облыстың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары туралы баяндады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады.  Көлемдердің төмендеуі тек құрылыс жұмыстары саласында  және ауыл шаруашылығында тіркелді деп атап өтілді.

«Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында жаңа экономикалық модельге көшу және 2029 жылға дейін ЖІӨ-і екі есеге арттыру жөнінде нақты міндет қойды. Біздің міндетіміз – ЖӨӨ көлемін жыл сайын 6% өсіммен 7 трлн теңгеге дейін жеткізу.

Ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрақты жұмысы, астық жинайтын комбайндар өндірісінің көлемін 13%-ға, тракторларды өндіру көлемін 6%-дан астам, ұнды – 10%-ға, ет пен қосалқы өнімдерді өндіру көлемін 20%-ға ұлғайту есебінен биыл өнеркәсіп өнімінің көлемін 1,9 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда. Оның ішінде өңдеу – бір жарым триллионға дейін», – ақпарраттандырды Е. Рамазанов.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 2 есеге арттыру үшін егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары басталды. Бұл майлы және жемшөп дақылдарының ауданын екі және одан да көп есе ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өнімділікті арттырудың маңызды факторы минералды тыңайтқыштарды қолдану болып табылады. Осы жылдың өзінде алға қойылған мақсаттарға жету үшін бұл көрсеткішті 2,3 есеге арттырып, 260 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Бірінші кезектегі міндеттер туралы айта отырып, Е. Рамазанов облыстық оратлықты жылумен жабдықтаудың проблемалық мәселелерін де назардан тыс қалдырған жоқ. Өткен жылдың соңында Қазақстан Үкіметі мен Ресей Федерациясы арасында үш ЖЭО, оның ішінде Көкшетау қаласында салу жөнінде меморандум жасалғаны атап өтілді.

Астана агломерациясын дамытудың Кешенді жоспары шеңберінде 2024-2028 жылдарға құрылыс жұмыстарын дамытуға, әлеуметтік және инженерлік-көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, сондай-ақ экологиялық тұрақтылықты, қауіпсіздікті және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған жалпы сомасы 1,1 трлн теңгеге 329 іс-шараны іске асыру көзделген.

Еесепті талқылау бойынша жарыссөзде Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Әлихан Қуатбеков, облыстық мәслихат депутаттары Умар Шоназаров пен  Владимир Камышанский сөз сөйледі.

Сессия барысында «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы», Ақмола облысын басқару схемасын бекіту туралы шешімдерге өзгерістер енгізілді.  Аталған мәселелер бойынша ақпаратты экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алмагүл Шұғырмақова жеткізді.

Сондай-ақ, депутаттар «Ақмола облысында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» шешімді бекітті, Ақмола облысы әкімдігінің, бюджеттік және жер комиссияларының дербес құрамдарын келісті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Бізге көзбояушылық қажет емес, нақты істер қажет!»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img