spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
5.2 C
Kokshetau

Ақмолалық шенеунік 1 млрд. бюджет қаражатын ұрлаған

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Целиноград ауданындағы ЖАО бұрыңғы басшысы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.

Целиноград ауданының прокуратурасымен автожол саласындағы тексеру нәтижелері бойынша Қоянды ауылының көше желілерін күрделі жөндеу және салу кезінде жерглікті атқарушы органның бұрыңғы басшысымен және кәсіпкермен 1,2 млрд.теңге сомасына бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды.

Аудан прокуратурасымен тіркелген 2 қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеу Ақмола облысының прокуратурасының арнайы прокурорларымен жүргізілді.

Іс қозғалған кезде Біріккен Араб Әмірліктерінде болған Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органының бұрыңғы басшысы, қамауға алынған.

1,2 млрд теңгеден астам көлемінде келтірілген залал толық өтелді, тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.

2024 жылғы 12 ақпанда осы тұлға Целиноград аудандық сотының үкімімен ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру арқылы, бас бостандығынан айрылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img