spot_img
Сәрсенбі, Қазан 16, 2024
-3.8 C
Kokshetau

«Тың самалы» шақырады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының мемлекеттік архивінде «Таң самалы» тақырыбымен тың және тыңайған жерлерді игерудің 70 жылдығына арналған көрме өтіп жатыр.   

Қазақ тарихында елеулі орын алған өткен ғасырдың 50-ші жылдарындағы тың көтеруге арналған шаралар облысымызда өткен аптада бастау алды. Алғашқы іс-шаралардың бірін «Тың самалы» тақырыбында   облыстық архивте өтіп жатқан көрме десе болады.

Мәлік Ғабдуллин атындағы Көкшетау азаматтық қорғау академиясының курсанттары көрмені тамашалауға келіп, онда қойылған мұрағат құжаттарымен танысты, тыңгерлердің ұрпақтарынан сол кезеңнің тыныс-тіршілігі мен адамдардың бір-біріне деген сыйластығы мен татулығы туралы, елдегі мол астықтың қандай маңдай термен келгені жөнінде естіп білді. 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру үшін Ресей, Беларусь, Украина елдерінен Ақмола облысына 10 мыңнан астам адам келіпті. Бұл кезеңде сан ұлттың баласы бөлінбей, бәрі үлкен жауапкершілікпен елдің ертеңі үшін білек сыбана еңбек етіп, егін еккені,  астық даласында болаттай қайнап, шыныққандары, үй салып, мал баққандары көне құжаттар беттерінде сайрап жатыр. Өз еркімен одақтас мемлекеттерден келген жастардың тың игеруге қосқан елеулі үлестерін тарих беттері мен мұрағат құжаттарынан анық көруге болады.

Шараға қатысқан ақмолалық Надежда Хамдиеваның ата-анасы да сол жылдары ел игілігі үшін еңбек етіп, мал шаруашылығы саласында маңдай терлерін төккен.

–Мен осында дүниеге келдім. Анам тың көтеруге келген. Өмір бойы фермада бұзау бақты. Әкем 1944 жылы Кавказдан күштеп қоныс аударылды. Олар осы киелі мекенде табысып, отандасты. Бар өмірлерін еліміздің өркендеп, гүлденуіне арнады. Олардың қара жұмыс істегеніне мен ешқашан намыстанған емеспін. Сондай-ақ, мен сол тың игеру жылдары Украинадан келген адамдармен жақсы араластым. Олар – Чита Лазинских, Надежда Семеновна мен Михаил Павлович деген жандар. Бәрі бұрынғы Көкшетау облысының Қызылту ауданындағы кеңшарда еңбек етті, –дейді Надежда Хамдиева.

–Архивте тың игеру басталғанда облысқа келе бастағандардың фотосуреттері сақталған. Мысалы, көрмедегі құжаттар арасында Ақмола вокзалында Алматы қаласынан келген алғашқы тыңгерлерді қарсы алу сәті бар. Олар келген кезде шатырларда тұрған. Есіл ауданынан түсірілген суреттер көп. Кейін бұл шатырлар үлкен кеңшарларға айналды. Мұрағат құжаттарына сүйенсем, алғаш тың игеру жылдары 27 астық кеңшары құрылса, кейін олардың саны 77-ге жеткен. Тың көтеруге келген жастардың көбі осында отбасылы болып, шаңырақ құрып қалып қойды.  Қазір Қазақстан олардың ортақ Отаны, – дейді облыстық мемлекеттік архивінің ақпараттық-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Әсем Әлдибекова.

Тың жерлерді игеру науқаны Кеңес Одағының құрамына кірген барлық елдерге ортақ оқиға екені белгілі. Сондықтан, оны кейінгі ұрпақ жадында ұстап, аға буынның ұзақ жыл жинақтаған этносаралық бай тәжірибесін жоғалтпай, одан әрі қарай сабақ алып, дамытуы тиіс дейді шараға қатысушылар.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Кәсіпті қалай ұйымдастыру қажеттігін ауыл адамдарына ауылды жерлерге барып түсіндіру қажет

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі. Кеше (14 қазан 2024 жыл) Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВТЫҢ Целиноград ауданы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img