spot_img
Бейсенбі, Қазан 1, 2026
16.2 C
Kokshetau

Жастарға құқықтық сауаттылықтың маңызы түсіндірілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласындағы Ж. Мусин атындағы Қазақ педагогикалық жоғары колледжінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кездесу өтті. Оған 150-ге жуық колледж студенті қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын түсіндіру және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шара барысында студенттерге есірткі қылмысының алдын алу, қаржылық қауіпсіздік, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және құқықтық сауаттылық мәселелері бойынша маңызды ақпарат берілді. Мамандар жастарға түрлі құқық бұзушылықтардың салдары мен одан сақтану жолдарын түсіндірді.

Кездесуге Ақмола облысы Жастар ресурстық орталығының NEET санатындағы жастармен жұмыс және кеңес беру бөлімінің басшысы Елеш Шыңғысхан Маратұлы, Ақмола облысы ПД есірткіге қарсы басқармасының жедел аға уәкілі, полиция подполковнигі Курсанова Разия Талгатовна, Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің талдау және тәуекелдер басқармасының аға уәкілі Турсунбаев Ильяс Даулетханұлы, Көкшетау қаласы ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Нысанбай Ескендір Бекболатұлы, сондай-ақ Esbol qorgau жанындағы өңірлік «Есірткісіз Ақмола» фронт-кеңсесінің басшысы Жағупар Даниал Қуанышбекұлы қатысты.

Сонымен қатар Ақмола облысы ПД кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері қызметтік иттердің мүмкіндіктерін көрсетіп, студенттерге арнайы интерактивті көрсетілім ұйымдастырды. Бұл бөлім жастардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Кездесу соңында студенттер мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Ашық форматтағы әңгіме барысында жастар құқықтық жауапкершілік, есірткіден аулақ болу, қаржылық алаяқтықтан сақтану және заң талаптарын сақтау жөнінде пайдалы ақпарат алды.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қоғамдағы қауіпсіздік пен заңға құрмет қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда студенттерге өз құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 180 студенті құқық қорғау, мемлекеттік және құқық қорғау саласының өкілдерімен кездесіп, жастардың құқықтары мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика