spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
5.5 C
Kokshetau

Дөңгелек үстел: Ұлттық құндылықтарды сақтауда мұражай қызметі аса маңызды

Сондай-ақ...оқыңыз

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Көкшетауда облыс мұражайлардың басшылары мен ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен «Мұражай – тарихты сақтау, насихаттау орталығы» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Облыс мұражайлары тәуелсіздік тарихында тағылымды жобалары арқылы аймақтың рухани өмірі мен ұлттық-мәдени құндылықтарын жаңғырту мақсатында белсенді жұмыс атқаруда.

Ақмола облысының мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова іс шараның бас ұйымдастырушысы әрі модераторы ретінде мұражай саласының маңыздылығына тоқтала келе, мерейтойлық жұмыстарды өз деңгейінде атқару қажеттегін айтып өтті.

«Бүгінде облыс тарихында мұражайлардың алатын орны ерекше. Бұл мекемелер барша ғалымдарымыздың, ғылыми қызметкерлеріміздің бас қосатын, олардың жұмыстары бір арнаға тоғысатын орталық болып саналады. Ары қарай да  мұражай жұмыстарын жетілдіру үшін ақпараттық технологияларды белсенді пайдалану, артефактілердің цифрлық көшірмелерін жасау, облыстың барлық мұражайларына «Музеолог» электрондық каталог бағдарламасын енгізу қажеттігі туындап отыр. Барлық аймақтағы мұражайлардың  Ғылыми кеңесін құру да заман талабы, – деді Айгүл Сәбитова.

Шара барысында алғашқы болып баяндама жасаған Мәлік Ғабдуллин музейінің ғылыми жобаларының авторы және ұйымдастырушысы Мейрамгүл Шаяхметқызы музейдің 25 жылдық тарихындағы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларына тоқталды.

Музей жұмысындағы 2020 жылдың басты оқиғалардың бірі – Мәлік Ғабдуллиннің «Қазақ баласы» атты өз қолжазбасының табылуы. Бұл материал өңделіп, облыс әкімдігінің қолдауымен екі тілде жарыққа шығып, оқырманға жол тартты. Алдағы уақытта Мәлік Ғабдуллин сөздігі мен энцоклопедиясын шығаруды жоспарлап отырмыз. Оған батырдың шәкірттері, әр жылдардағы табылған жәдігерлер мен  ерлік істері, ғалымдардың жұмыстары топтастырылатын болады,-дейді Мейрамгүл Шаяхметова.

Көкшетау қаласында 1989 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Әдебиет және өнер» музейі бар. Ол құрылғаннан бастап, аймақтың рухани өміріне үлес қосып жүрген тұлғалардың өмірін, шығармашылық адамдарын, театр қайраткерлерінің жарқын істерін насихаттау жолында тындырымды жұмыс атқарып келеді.

Одан соң сөз алған музейдің ғылыми қызметкері Нұрболат Әлменов музей жұмыстарының елеулі тұстарын баяндады.

Бүгінде музей ұжымы түрлі жобаларды ұйымдастыруды қолға алып келеді. Жақында ғана Зерендіде  қылқалам шеберлерінің байқауы және көрмесі өткізілді. Оған өңірдің ең мықты суретшілері қатысты. Ашық аспан астында ұйымдастырылған шара суретшілерімізді бір серпілткені анық. Бүгінде музейдің құнды жәдігерлерінің бірі ретінде 16-шы ғасырды қамтитын Диуани Хихметтің еңбегі. Ол музей төрінде сақтаулы. Бұл қолжазба табылған соң халықаралық деңгейде конференция ұйымдастырылып, Түркия, Иран мемлекеттерінің ғылыми қызметкерлері баяндама жасады. Сөйтіп халықаралық ғылым академиясы тарапынан «Көкшетау нұсқасы» дейтін терминге ие болды. Бұл республика көлемінде үлкен жаңалық болды. Алдағы уақытта ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына жоспарланған жұмыстар жетерлік. Бұйыртса, қазан айында аймақтың қылқалам шеберлерінің арт альбомы жарыққа шығады. Оның қаржылық жоспары бекітілген,-деді Нұрболат Әлменов өз сөзінде.

Көкшетау қаласының тарихи мұражайының да тәуелсіздік тойына тартуы жоқ емес. Бүгінде онда 30 шақты іс шаралар жоспары бекітіліп, 15-і жүзеге асырылған. Қалған 15-сі ел тәуелсіздігінің мерейтойы барысында жүзеге асырылуы жоспарланған.

 

Музей негізінен қала құрылғанынан бастап бүгінге дейінгі тарихи құжаттарды жинақтаумен, сақтаумен айналысады. 2024 жылы Көкшетау қаласының құрылғанына 200 жыл толмақ.Бүгінде мұражай ұжымы осы айтулы датаға орай қызу дайындық үстінде.

Ал, Көкшетау қаласының тарихи өлкетану мұражайы болса, өңірдің ұлттық құндылықтарын сақтауда, тарихи орындар мен ескерткіштерді, киелі жерлерді қорғап, насихаттауда айырықша маңызға ие.

Ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары Анар Дүйсенбаеваның айтуынша,  Жәнібек хан мовзолейіне жүргізіліп жатқан жұмыстар қыза түскен. Ондағы табылған экспонаттар мұражай қорына әкелініп, Щвецария мамандарының ДНК сараптамалары күтілуде. Екі жылдан бері үздіксіз жүргізіліп жатқан жұмыстар қорытындысы ақмолалықтар үшін ғана емес тұтас еліміз үшін елеулі жаңалық болмақ.

Музей қызметкерлері бас қосқан шара соңында қатысушылар мұражайлардың ғылыми жұмысын күшейту және мұражай қызметкерлерінің кәсіби қызметін жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын енгізді. Арнайы хаттама толтырылып, мәдениет басқармасына жолданды.

Еске сала кетсек, облыста 11 мұражай жұмыс істейді, онда 120 мыңнан астам құнды тарихи ескерткіштер сақталған. Жыл басынан бері облыс мұражайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, 1770-тен астам экскурсия, дәріс, көрме өткізді, 700-ден астам мұражай заттары өңделді.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img