spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
9.1 C
Kokshetau

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Сондай-ақ...оқыңыз

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды:

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде « Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан аумағының жартысын тасқын су басып қалды. Еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінді.Бүкіл аймақта қоғамның барлық өкілдері бір кісідей жұмылды. Отандастарымыз зардап шеккен жандарға жаппай қол ұшын созды. Бір-біріне шынайы жанашыр болды. Мен қарғын сумен күресуге зор үлес қосқан нағыз отаншыл азаматтарға шексіз ризамын. Біз сын сағатта жұрт болып жұмылдық. Ең бастысы, біз адам өмірін барынша сақтап қалдық!».
—————————————–
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу барысында Мемлекет басшысының осы сөзін алға тарта отырып, су тасқыны салдарын жою үшін Ақмола облысында жүргізіліп жатқан жұмыстарды және зардап шеккендерге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем қаражат берілгендігін алға тартты.
Қараөткел мен Көкшетау өңірінің де кейбір өңірлерін көктемгі қар суы тасқынының әбігерге салғаны болды.
Есіл мен Нұра, Қайрақты мен Қалқұтан, Қылшақты өзендері өз арналарынан шығып тасығын қар суы қала мен далаға әп-сәтте лықсып келіп қалған сәтте облыс әкімі Марат Ахметжанов бастаған жедел штаб күні-түні тасқынға тосқын қоюға жұмылды,
Қазір қар суының беті қайтты. Өзен-көлдердің деңгейлері төмендеп келеді.
Су тасқыны кезінде барлық күш-мүмкіндік адамдарды, жан-жануарларды аман алып қалуға жұмсалды.
Шұғыл түрде облыс аумағында ұзындығы 45 километр болатын қорғаныс бөгеттері салынып, өзен-көлдердің 18 километр болатын жағалаулары бекітіліп, нығайтылды. 330 мыңға жуық қапталған материалдар дайындалып, 3,5 текше метр қар суы сорылып шығарылды, 12 өзеннің 53 жерінен пайда болған судың жолын бөгеген кептелістер жедел тазартылды.
Міне, осындай шаралар қолданудың нәтижесінде су алу қаупі тікелей төнген 95 елді мекен және сондағы 8 мың тұрғын үйлер судың астында қалудан аман сақталып қалды.

Қазірдің өзінде Көкшетауда судан зардап шеккен 11 отбасы пәтер алды. Және де Ақкөл, Аршалы, Ерейментау, Жақсы, Зеренді, Целиноград аудандары бойынша 74 отбастарына жөндеу жұмыстарына кеткен шығындар өтелді.
Көкшетау қаласындағы балабақшаны жөндеу, Атбасар қаласындағы №1 мектепті қалпына келтіру жұмыстары басталып та кетті.
Судан бүлінді деген өзге де нысандарға техникалық тексеру және материалдық залалдың қаншалықты екендігі анықталуда.
Қойылған сұрақтар да аз болмады. Өңір басшысы журналистердің қойған сол барлық сауалдарына толық жауап берді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img