spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 24, 2024
9.2 C
Kokshetau

АҚШ бизнесмені өлімнен кейінгі өмірдің бар-жоғын анықтау үшін конкурс жариялады

Сондай-ақ...оқыңыз

Адам болмысы мен сана-сезімін зерттеумен айналысатын қордың негізін қалаған америкалық кәсіпкер Роберт Бигелоу өлімнен кейінгі өмірдің бар-жоғын анықтай алған жандарға $1 млн ақшалай сыйақы беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бизнесмен жариялаған конкурсқа тек психология мен неврология саласында жұмыс істеп, ғылыми дәрежеге қол жеткізген адамдар ғана қатыса алады. Олар кем дегенде 25 мың белгіден тұратын мәтінде адам өлімінен кейін оның болмысының қандай күйге ұшырайтыны туралы дәлел-дәйектер келтіруі тиіс. Үміткерлер өз жұмысын 2021 жылдың 1 тамызына дейін жіберуі керек», – деп жазады News.ru басылымы.

Дәрігерлер мен ғалымдардан тұратын әділқазылар алқасы келіп түскен жұмыстарға баға беріп, жеңімпаздың аты-жөнін 1 қараша күні жария етпек. Бірінші орын алған авторға $500 мың көлемінде, екінші орын иегеріне $300 мың, үшінші орынға $150 мың ақшалай сыйақы табыс етілмек. Бұл ақпарат адам санасын зерттеу жөніндегі Бигелоу қорының сайтында жарияланды.

Аталмыш қорды 2020 жылы құрған кәсіпкер оған дейін ғылым түсіндіре алмаған айрықша құбылыстарды зерттеу жұмыстарын қаржыландырып келген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Қазақ тілі қажеті болмаса, не үшін үйрендім?..» деген сөз қандай ауыр еді!..

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп алып, қазақ тілінің көркемдігі мен шұрайлылығын насихаттап, мақтап етіп...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img