spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
10.2 C
Kokshetau

Мал дәрігері, агроном, тракторшы мамандары қажет-кәсіпкер

Сондай-ақ...оқыңыз

Болат Абдірахманов  Бурабай ауданы Атамекен ауылында ірі қара мал өсірумен айналысады. Бүгінде 500-ден артық мал асырап, 300 сиыр сауып отырған шаруа қожалығы аймақты сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге үлес қосып отыр,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

2015 жылы қолындағы 30 шақты ірі қарасын көбейтуді мақсат еткен Болат Абдрахманов мемлекет тарапынан берілетін көмек туралы зерттей бастайды. Сөйтіп ол 2016 жылы Қаз-Агро корпорациясы арқылы несие рәсімдеп, «Сыбаға» бағдарламасымен қара мал және «Құлан»бағдарламасымен жылқы алып өсіре бастайды.

Бұл мемлекеттік бағдарламалардың мал басын көбейтуім үшін пайдасы тиді. Үкімет жер де берді. Бастаған ісімізді аяқсыз қалдырмай, осындай шаруа қожалығына айналдыруды мақсат еттім. Мен үшін ең бастысы сүттің сапасы. Егер сүт жақсы болса сатушы да, алушы да пайдасын көреді,-дейді Болат Абдрахманов.

Бүгінде тәулігіне 5 тоннадан астам сүт өткізетін сауын фермасында 20-дан астам жұмысшы еңбек етеді.  Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған шаруа қожалығының ауыл тірлігін жандандыруда үлесі зор.

Еңбексүйгіш шаруа қожалығының иесі жастардың бос жүретіндігі үшін қынжылады.

Егер кімде кім еңбек етіп, өз ісін бастағысы келсе, қолынан ешкім қақпайды. Өз басым әу баста базарда арба сүйреп күні бойы уақытымды ұрлатқанша, қандай да бір кәсіпкерлікпен шұғылдануды жөн көрдім. Атам қазақ төрт түлік малды киелі санаған. «Мінсең ат, саусаң сүт одан әрісі құт» деп бекер айтпаған ғой. Жер де еңбегіңді жемейді,-дейді Болат Дәулетбекұлы.

Шаруа қожалығында сиыр сауу процесі автоматтандырылған. Заманауи жабдықтар қара күшті қолдануды жеңілдеткенмен, кадр тапшылығы мәселесі бұл қожалықта да өткір тұр.

Кәсіпкер мал дәрігері, аграном, тракторшы сияқты мамандардың жетіспейтіндігін айтады. Мал денсаулығын қадағалауда шет елдік мамандарға жүгінуге тура келеді, дейді ол.

Егер бұл мамандар өзімізден шығып жатса, қандай жақсы болар еді.Бізге өз мамандарымызды көтеру қажет. Ауылда жастар бар, бірақ олар мұндай істің парқына бара бермейді,-дейді кәсіпкер.

Сонымен қатар шаруа қожалығы жоғарыда атап өткеніміздегідей сұранысқа ие мамандарды жұмысқа кез келген уақытта қабылдауға дайын.

Қазір бізде үш үй бос тұр. Егер еңбек етіп, күн көргісі келетін отбасы болса қуана қабылдаймыз. Келесі жылы да барлық талаптарға сай келетін баспана салу ісін қолға алмақпыз,-деді кәсіпкер сұқбаттасу кезінде.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img