spot_img
Сейсенбі, Қазан 13, 2026
7.3 C
Kokshetau

Ақмолада үшінші тоқсанда кезекші сыныптар он мыңнан астам оқушыны қамтиды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола өңірінде оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап 9, 11, 12 сынып оқушылары аралас оқыту форматына көшеді. Сабақтардың 70 пайызы дәстүрлі форматта, 30 пайызы қашықтан өткізіледі,-деп хабарлайды «Aqmola News».
2021 жылдың басына тұспа тұс келетін үшінші тоқсандағы оқу режимі туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова айтып берді.

«Облыс бойынша үшінші тоқсанда жеті мыңға жуық оқушыны қамти отырып, тоғызыншы сыныптар үшін 548 кезекші топ, үш мыңнан астам оқушыны қамти отырып, 11 сынып үшін 272 кезекші топ ұйымдастыру жоспарлануда», – деді Ботагөз Дүйсенова.
​

Сондай-ақ, үшінші тоқсанда сабақтан тыс уақытта бес адамнан аспайтын топтарда жеке консультациялар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері екінші семестрден бастап аралас оқыту формасына көшеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика