spot_img
Сенбі, Мамыр 30, 2026
25.2 C
Kokshetau

Ақмоладан басталған «Менің Отаным, Менің туым» челленджі ел аумағының басқа да өңірлеріне жетті (ВИДЕО)

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында ел жастарының ұйытқы болуымен «Менің Отаным, Менің туым» атты патриоттық челлендж басталды. Елдің тәуелсіздігі мен тұтастығын қорғауға шақырған шара қазір тұтас республиканы қамтуда, деп хабарлайды «Aqmola News».

Челленджді Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Мәдениет ауылының намысты жігіттері бастады.  Ел ақсақалдары ақ батасын беріп, көк туды көктен желбіреткен ауыл жігіттерінің бастамасы елдің рухын көтеріп, жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған.

Челендж Бурабай ауданының Мәдениет, Ақылбай, Наурызбай, Баянбай, Абылайхан, Кенесары ауылдарында бастау алып, Зеренді ауданының Игілік, Қанай би ауылдарында жалғасын тапты. Қазір Республиканың басқа аймақтары да челенджді қабылдап, бейнероликті одан әрі жалғастыруда.

«Менің  Отаным, менің туым» атты патриоттық челленджің басты мақсаты тәу еткен тәуелсіздігіміздің мызғымастығын, Қазақ елінің біртұтастығын әлемге паш ету. Қазақ жастарының намысы мен рухын ояту, ертеңге сенім мен нық алға қадам жасауға бағыттау үшін жасалып отыр, – дейді ұйымдастырушылар.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау қаласында «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті

2026 жылғы 29 мамырда Көкшетауда «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті. Аталған акция жыл сайын өткізіліп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика