spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
6.2 C
Kokshetau

Бурабай ауданына жаңа әкім тағайындалды

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Бурабай ауданында жаңа әкімді таныстырды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімдері бойынша оған Әсет Азаматұлы Мұздыбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әсет Мұздыбаев 1972 жылы туған. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін инженер-механик мамандығы бойынша және Көкшетау университетін қаржы бакалавры мамандығы бойынша бітірген. 1992-2005 жылдары коммерциялық құрылымдарда істеді. 2005-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы «Казстройсистема» АҚ менеджері, бөлім басшысы, құрылыс компаниясының бас директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РММ инженерлік-техникалық бөлімінің басшысы болып істеді. 2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы өндірістік инфрақұрылым басқармасының басшысы, 2014 жылдан бастап 2019 жылдың қаңтарына дейін ҚР ПІБ «Қараөткел» РМК директорының орынбасары қызметін атқарды. Осы тағайындауға дейін Аршалы ауданы әкімінің орынбасары болып істеген. 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img