spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
14.3 C
Kokshetau

Ақмола облысында көлік қағып кеткен малдың иесі іздестіріліп жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жайылып жүріп, жол үстіне шығып көлік қағып кеткен малдың иесі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, өңірде ұжымдасып мал бағу өзекті мәселе болып отыр. Әсіресе, иелерінің салғырттығынан қараусыз жүрген мал жол-көлік оқиғасына себепкер болуда. Осы ретте, тәртіп сақшылары жол апатына себепкер болған мал иелеріне ҚР ӘҚбК 615-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді. Мәселен, 13 тамызда Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, қаладан Қостанай бағытына шыға берісте жолдың бойында көлік қағып кеткен өлі құлынның жатқанын айтқан. «Қазіргі кезде жедел-іздестіру шаралары қолға алынып, жол апатына себепкер жылқы төлінің иесі анықталуда. Сонымен қатар, сол маңда жолдың үстінде жайылып жүрген өзге жылқылар қамалды. Осы оқиғаға байланысты үй жануарының қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасына байланысты мал иесінің үстінен ҚР ӘҚбК 633-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылады», делінген хабарламада. Айта кетейік, жыл басынан бері Ақмола облысы аумағында малды қағып кетуге қатысты 29 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img