spot_img
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
21.5 C
Kokshetau

Қарттар айлығына орай театрда концерттік бағдарлама қойылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында қарттар айлығына орай, «Қарты бар үйдің, қазынасы бар» атты концерттік бағдарлама көрермендер назарына ұсынылды.

Мерекелік концертке Көкшетау қаласындағы қазына қарттарымыз арнайы шақырылды. Олардың құрметіне арнап театр әртістері өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, бұрын театрда қызмет атқарған зейнеткерлерге театр кәсіподағы атынан гүл шоқтары мен бірге ақшалай сый-сияпат жасалды.
Абай әндеріне папурримен басталған концертте Абайдың «Сегіз аяқ», Естайдың әні «Құсни Қорлан», Мұқағали Мақатаевтың «Шеше», Шәмші Қалдаяқовтың «Мама», тағы да басқа әндермен қоса, Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі мен барлық театр әртістерінің орындауындағы Шәмшінің әндеріне папурримен аяқталды.
Сондай-ақ, концерттік бағдарламада ардагер ақсақал Кәрім Сұлтанұлы жүрекжарды лебізін жолдап, театр ұжымына ризашылығын жеткізді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты «Aqmola News» ақпарат агенттігі тіркелген кандидаттар мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика