spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
25.2 C
Kokshetau

Көкшетаулық кәсіпкер иісін анықтайтын қондырғы орнатып берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетаулық кәсіпкер екі спорт ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі үш спортшыға газ иісін анықтайтын датчиктер орнатып берді, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жыл сайын облыста мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарияларды әлеуметтік қолдау айлығы өткізіліп келеді. Өңірдің көптеген ұйымдары мен мекемелері үлес қосатын іргелі шара қазіргі күрделі кезеңде де жалғасты.
Коронавирус індеті әлем елдерін тығырыққа тіреген осы уақытта мүмкіндігі шектеулі адамдар мен қариялар зор қолдауды қажет етеді. Бұл орайда «Көкшетау Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де игі істен қалыс қалмай спортшы ардагерлерге мүмкіндігі шектеулі үш спортшыға газ иісін анықтайтын датчиктер орнатып берді.

 

«Газ иісі ауада таралған жағдайда бұл датчиктер дыбысты дабыл шығарады. Ол әсіресе пеш жағатын жер үйлерде аса пайдалы болмақ. Біз бірнеше жылдан бері осындай газ иісін анықтайтын құрылғыларды демеушілік көмек ретінде орнатып келеміз», – дейді компания басшысы Артур Князюк.

Үстел теннисінен спорт шеберлігіне кандидат Рамазан Мұқатаевтың айтуынша ол 10 жылдан астам уақыт жер үйде тұрып келеді.

«Біз осы үйді сатып алғанда пеші еске болатын. Біз бірден пешті ауыстырып, жаңасын орнаттық. Енді мұндай қондырғымен тіпті сенімдірек болды. Игі істеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін», – деді Рамазан Мұқатаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img