spot_img
Сенбі, Наурыз 21, 2026
-2.3 C
Kokshetau

Әлеуметтік желімен желіде танысқан қыз үйінен қашып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 15 жасар жасөспірім қыз әлеуметтік желімен арқылы танысып, Шу қаласынан бір-ақ шықты, – деп хабарлайды Aqmola news ақпарат агенттігі.

Жүрегін әлеуметтік желі арқылы жаралаған 15 жасар жасөспірім қыз өз бетімен үйінен кетіп қалған. Шарқ ұрып іздеген анасының ақырында полицияға хабар бермеске амалы болмапты. Қаңтардың жетісі күні үйінен шыққан қыз сол күйі оралмай хабар-ошарсыз кеткен. Анасының айтуынша, қызымен үйінде ешқандай дау-жанжал болмаған. Дегенмен анасы осыған дейін қызының бірнеше рет үйден кеткісі келгенін жасырмады.

Бірнеше күн іздестіру жұмыстарын жүргізген полиция қызметкерлері қызды Жамбыл облысының Шу қаласынан тауып, үйіне аман-есен қайтарды. Қыз әлеуметтік желі арқылы танысқан 20 жасар жігітке кетіп қалған. Жігітте оның Шу қаласына келуіне қарсы болмапты.

Полиция қызметкерлері ата-аналарының балаларына көңіл бөлмеуінен сондай-ақ түрлі түсініспеушіліктерден жоғалатынын ескертуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Салық реформасы мен цифрлы қызметтер: Қаржы министрлігі бизнеспен және халықпен диалогты күшейтіп келеді

Қазақстанның Қаржы министрлігі жаңа Салық кодексін енгізу мен басқару ісін цифрлы экожүйенің аясында дамыту бағытындағы кешенді жұмысты жалғастырып жатыр....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика