spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau

Ақмола облысын боран әбігерге салды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қыс маусымында Ақмола облысы аумағында боран мен бұрқасынға байланысты 61 рет жол жабылып, республикалық маңызы бар жолдардағы қозғалыс шектелген. Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті полицияның бірлескен жұмыстары барысында боран күндері 559 адам оның ішінде 36 бала құтқарылып, көмек көрсетілген,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен боранды күндердегі төтенше оқиғалар мен атқарылып жатқан жұмыстарға байланысты шұғыл жиын өткізілді. БАҚ өкілдеріне ТЖД мен жергілікті полиция қызметкерлері мән-жайды баяндады.

ТЖД бастығының орынбасары Шапағатов Манарбек:

Қыс маусымындағы әртүрлі оқиғаларға байланысты облыс бойынша 125 мобильді блок- пост қойылды. Қазір жергілікті полиция қызметіне тиесілі 80 бірлік техника, 160 адам, ТЖД-нен 30 бірлік техника мен 50 адам күндіз түні жұмыстар атқаруда. «Қазгидромет» орталығының 76 дауылды ескертуі бойынша алдын алу шаралары жүргізілді.

Жиында тоңған адамдарды жылыту пунктеріне 978 адам (оның ішінде 70-і бала) орналастырылғандығы белгілі болды. Ақмола облысындағы аудандар мен қалаларды жалғайтын жолдар жабылып, боран кезіндегі шұғыл шаралар жүргізілгендігі айтылды.

Жергілікті Полиция бастығы Серік Баймұқанов:

Бұрқасынға байланысты облыс бойынша 63 жабық постары қойылды. Боран уақытында полиция департаментінің 140 қызметкері кезекшілікке жұмылдырылып, аталған постарда 63 бірлік кезекші автокөліктермен 263 жеке көлік иелерінің қозғалысына шектеу қойды. Қазіргі кезде қар құрсауында 77 автокөлік тоқтап тұр. Олардың 11-інің жүргізушілері оқиға орнынан уақытша кетуге мәжбүр болды.

Құтқару қызметі мен жолаушылардың қауіпсіздігіне жауапты орган қызметкерлерінің айтуынша өткен боранды күндері әсіресе, Нұр-Сұлтан- Павлодар бағытындағы жолдағы жағдай қиындай түскен. Бұл автомагистральді жолдарда қалып қойғандарға жол қызметінің өкілдері қол ұшын созған. Сондай ақ, Целиноград, Ақкөл, Шортанды, Нұр-Сұлтан-Көкшетау бағытындағы жолдар жабылып, көліктің барлық түрлерінің қозғалысын шектеу бойынша хабарламалар таратылған.

Қазіргі кезде қар құрсауында 601 бірлік автокөліктер тоқтап тұр. Олардың діттеген бағытына аман есен жетуі үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Облыс аумағындағы маңызы бар автожолдарды барлығы 141 бірлік техника қардан тазартып жатыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img