spot_img
Жұма, Мамыр 1, 2026
20.2 C
Kokshetau

Абай әдеби орталығы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қалалық үлгілі қазақ кітапханасында Абай әдеби орталығы ашылды. Үш бөлімнен құралған ауқымды кітап экспозициясы дара тұлғаның 175 жылдық мерейтойына арналған. Орталық «Ұлы ақынның ұлағаты» атауымен жұмысын бастады, -деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агентігі.

Орталықтың тұсауын жергілікті жердің зиялы қауымы кесті. Жаңадан ашылған әдеби орталыққа жалпы саны 120-дай кітап қойылған. Олардың барлығы қалалық 12 ақпараттық кітапхана жүйесі қорынан жинақталды. Ал 50 кітап электронды нұсқада жасалған. Алдағы уақытта олардың санын 500-ге жеткіземіз,-дейді кітапхана қызметкерлері.

Әдеби орталық үш бөлімнен тұрады.

«Бірінші бөлімде Абайдың әлемі. Абайдың өскен ортасы. Абай қандай жерде өсті. Сол жайлы. Екінші бөлімде Абайдың шығармашылығы. Өзінің барлық жазған, сызған дүниелері айтылатын болады. Үшінші бөлімде Абай туралы зерттеулер. Яғни, осы күнге дейін қандай ғалым, қандай жазушы Абай туралы зерттеді. Бұл бөлімде сол мәліметтер қамтылады»,-дейді қалалық үлгілі қазақ кітапханасының қызметкері Ерден Нұрахмет.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында 750-ден астам су айдыны бақылауға алынды

1 маусымнан бастап Ақмола облысында ресми түрде шомылу маусымы басталады. Өңірдегі 754 су айдынында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика