spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Мүгедектердің құқығын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бұл мақсатта Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті мүгедектердің қолжетімділігін арттыруға көмектеседі,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Департамент өкілеттілігі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының негізінде осы Заңның 25-бабына сәйкес мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымына қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Бүгінгі күні қоғамымызда бар кедергілерді жеңу және мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ-ның ратификацияланған конвенциясының негізгі баптарында  мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын толық іске асыру үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктер қарастырылған.

Осы конвенцияның 9-бабында қатысушы мемлекеттер мүгедектердің басқалармен тең дәрежеде табиғи айналасына, көлікке, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелерге, сондай-ақ, қала және ауыл,  аудандарда халық үшін  көрсетілетін қызметтерге кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді өз мойнына алады.

2016-2020 жылдардағы нәтижелері бойынша 193 тексеріс жүргізілген.  Объектіге бару арқылы профилактикалық бақылау шаралары жүргізіліп, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 170-тен астам актілер мен ұйғарымдар берілді. 30 лауазымды тұлға мен кәсіпкерлік субъектілері 4 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кіріс топтарына, санитарлық-тұрмыстық орынжайларға, жол қозғалысында, объекті аумағына қолжетімділіктің сәйкес келмеуіне байланысты бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда лауазымды тұлға және кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабына сәйкес: лауазымды тұлғаларға – елу (132 550), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма 318 120), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз (530 200), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз (1 060 400) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылады. Осы заң нормасына сәйкес бір жыл ішінде әкімшілік құқық бұзушылықты қайта жасаған кезде бұдан да жоғары әкімшілік айыппұл қарастырылған.

Ақмола облысында тұратын жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігінің сәйкес келмеуі бойынша құқығы бұзылған жағдайда Көкшетау қаласы., Нұрсұтан Назарбаев даңғылы, 60 мекенжайы бойынша  нақты фактілер (фото-, видеоматериалдар) қосылған өтінішті (шағымды) ұсынуға болады. Анықтама телефоны: 8 (7162) 25-09-87.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img