spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
14.7 C
Kokshetau

Ақмола облысында форвардтық сатып алу әдісімен 132 кәсіпорын несие алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында форвардтық сатып алу тетігінің арқасында егіс науқаны сәтті аяқталды – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылған несиелеу тетігі «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» акционерлік қоғамымен іске қосылған.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін 7 миллиард теңгеден астам теңге сомасына қаржыландыру қарастырылған. Бүгінгі таңда Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы үйлестіру кеңесі 6,9 миллиард теңге сомасына өтінімді бекітіп, 132 кәсіпорын кепілдендірілген несие алды. Осы жылы Ақмола облысында 4,9 миллион гектар алқапқа жаздық егіс егілген. Оның ішінде 4,5миллион гектарына астық тұқымдастар себілсе, 254 мың гектар шамасында майлы дақылдар және 174 мың гектар жем-шөп егілді. Сондай-ақ, 15,7 мың гектарға картоп және 3,5 мың гектар жерге көкөніс салынды, – «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетсек, форвардты сатып алудың соңғы рет 2016 жылы жүзеге асырылған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img