spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Министр блокпостарда жұмыс істеген қызметкерлерге алғыс айтты

Сондай-ақ...оқыңыз

 Қазақстан Республикасының Ішкі Істер МинистріЕрлан Тұрғымбаев блокпост жұмысына тартылған қызметкерлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды «Aqmola News» Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 
«Бүкіл әлем қоғамға жаңа қауіп – қатермен-коронавирус пандемиясымен күресуде. Бұл жұмыстан Қазақстанда қалыс қалған жоқ. Дер кезінде қабылданған шаралардың, дәрігерлердің, полицейлердің, әскерилердің және еріктілердің жанқиярлық ерлігінің, сондай-ақ халықтың жауапкершілігі мен тәртібінің арқасында біздің еліміздегі жағдай қалыпты», – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызмет және бөлімше басшыларымен өткізген селекторлық кеңесінде. Министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, ішкі істер органдарының барлық күштері қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауға, карантиндік іс-шараларды қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты. 52 000–нан астам қызметкерлер – полицейлер, құтқарушылар, әскери қызметшілер және ішкі істер органдарының медицина қызметкерлері блокпостарда үздіксіз қызмет атқарды, ел тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің маңызды объектілерін, медициналық мекемелер мен карантин жарияланған аймақтарды күзетті. Қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейту үшін полиция мен Ұлттық ұлан жасақтарының саны артты. Көшелер, саябақтар, скверлер, тұрғын үй алаптары, сауда нысандары барынша қамтылды.
Өзін-өзі оқшаулау және шектеу тәртібі кезеңінде қабылданған шаралардың арқасында елдегі қылмыс 26% – ға төмендеді. Мұндай ерекше режимде полиция және ІІМ-нің басқа да күштері алғаш рет жұмыс істеді. «Бұл оңай іс емес. Тәулік бойы жұмыс режимі, бірқатар жағдайларда далада, казармалық жағдайда жұмыс істеуге тура келді. Үй мен отбасының алшақтығы, кейде жекелеген азаматтардың түсінбеуі және қарсыласуы үлкен психологиялық және физикалық күш түсірді. Бірақ біздің қызметкерлеріміз барлық 78 күн бойы ел басшылығы қойған міндеттерді нақты орындай отырып, қызметтерін абыроймен атқарды», – деп атап өтті ІІМ басшысы.

Ішкі істер және денсаулық сақтау органдарының барлық қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеді және адамдарға қиын уақытта көмек көрсетті, олардың денсаулығын қорғауда алдыңғы шепте тұрды. Тек бірлесіп қарсы тұрудың ғана арқасында коронавирус індетінің жаппай жұқтырылуына және көбеюіне жол берілмеді. Қызметтік міндеттерін адал орындағаны, блокпоста коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі іс-шараларға тікелей қатысқаны үшін министрдің бұйрығымен ерекше көзге түскен қызметкерлер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. ІІМ-нің қылмыстық–атқару жүйесі де шет қалмады, оның мекемелерінде қысқа мерзімде қорғау құралдарын: тәуекел аймағында орналасқан қызметкерлерге арналған маскалар мен комбинезондар өндірісі жолға қойылды. Осылайша сотталғандар да пандемиямен күреске өз үлесін қосты, оларға жеке алғыс айтылды.

«Елді мекендер арасындағы блокпосттар алынып тасталады. Бірақ бұл қауіп жоқ дегенді білдірмейді. Азаматтарға санитарлық талаптармен сақтық шараларын қатаң сақтау керек», – деп түйіндеді Ерлан Тұрғымбаев.
Еске сала кетейік, карантиндік режим кезінде Қазақстан бойынша 400-ге жуық блокпост жұмыс істеді, оған 6 000-ға жуық ІІО қызметкерлері қатысты. Барлық кезеңде блокпостарда 3,2 млн.-нан астам көлік құралдарымен 5 млн. жолаушы тексерілді

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img