spot_img
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
25.6 C
Kokshetau

Еріктілер ақмолалықтарға электронды мемлекеттік қызмет алуды үйретеді

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның Ақмола облысы бойынша филиалымен бірлесіп еріктілерді «Электрондық үкімет» порталын қолдануға үйрету жұмыстарын ұйымдастырды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Облыстық мемлекеттік корпорацияның басшылығы еріктілермен алғашқы кездесу өткізді. Кездесу барысында еріктілер Мемлекеттік корпорацияның жаңа жұмысымен, Порталдың мүмкіндіктерімен және 1414 Call орталығы қызметімен танысты.

Бұл жобаның мақсаты азаматтардың портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді өздігінен алу бойынша цифрлық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Бүгінде қоғамдық орындарда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары құрылуда, онда еріктілер азаматтарды «E.GOV» электрондық үкімет порталында жұмыс істеу дағдыларына үйретеді.

Алдағы уақытта Департамент еріктілердің телефон нөмірлерін және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының орналасқан мекенжайларын жариялайды.

Егер сізді еріктілік қызмет қызықтырса, азаматтарды цифрлық қызметтерге қол жеткізуге үйрету бойынша тәжірибе алғыңыз келсе, сізді ерікті болуға шақырамыз. Ол үшін Департаментке 8 716 2 51 81 33 телефоны арқылы хабарласу қажет.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» акциясына 200-ге жуық тұрғын қатысты

Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тұрғындарды табиғатты аялауға үндейтін тағылымды іс-шаралар өтті. Басты мақсат – қоршаған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика