spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
16.2 C
Kokshetau

«Милк проджект» серіктестігіне Еуропадан асыл тұқымды мал әкелінді

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданындағы «Милк проджект» серіктестігіне Еуропадан гольштейн-фриз тұқымды мал әкелінді. Серіктестік 300 басқа арналған шаруашылық нысанының құрылысын аяқтаған болатын,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Нидерландтық асыл малға тиісті жағдай жасалған. Сүт фермасы озық стандарттарға сай жабдықталған. Голштейн-фриз тұқымы жылына 9-10 мың литр сүт береді,-дейді мамандар.

Шетелден әкелінген асыл тұқымды мал басына 225 мың теңге субсидия бөлінеді. Алдағы уақытта бұл қолдау көлемі 400 мыңға дейін артады деп күтілуде.   Бұл нысан өңірдегі сүт кластерін дамытуға алғашқы қадам. Зерендіде бұдан бөлек тағы 4 ферма құрылысы жоспарлануда.

Мал екі-үш айдан соң бұзаулайды. Кейін сүт өндірісіне кірісеміз. Бұдан бөлек тағы екі жүз бас мал сатып аламыз. Жүз сиыр Голландиядан әкелінеді. Қалған жартысы Солтүстік Қазақстандық асыл тұқымды мал шар уашылығынан аламыз,-дейді  «AGRO MILK PROJECT» серіктестігінің директоры Юрий Швец.

Ақмола облысы үшін мал шаруашылығы аса маңызды сала. Нұр-Сұлтан нарығы мен өңір тұрғындарына көкшелік фермерлер жылына 100 мың тонна сүт өнімін ұсынады. Өңірде 40-қа тарта сүт өңдеу нысаны бар. Алайда, заманауи сүт зауыттарының жартылай бос тұрғаны да рас. Қазір олар 67 пайызға шикізатпен қамтылған.

Бұл компания Садовое ауылдық округінде осындай тағы бір ферма салуды жоспарлап отыр.  «Молочная река» компаниясы Бұлақ ауылдық округінде сүт фермасын салуға қызығушылық білдіруде. «Ақжайық» кәсіпорны мен «Берекет-2050» серіктестігі де сүт өндірісімен айналысуға бет бұрып отыр. Мемлекет бұл бағытта кәсіп өрістетуге үлкен мүмкіндік ұсынып отыр-дейді Зеренді ауданының әкімі Бауыржан Ғайса.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img