spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-31.1 C
Kokshetau

ҰҚК жалған дипломмен мемлекеттік қызметке орналасқысы келгендерді анықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті жалған дипломмен мемлекеттік қызметкер орналасқысы келгендерді анықтады. Өткен жылы Департаментке мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін үміткерлер жөнінде 1566 материал келіп түсті.

«Өкінішке қарай олардың барлығы сынақтан өте алмады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік университеттері берген жоғары білім туралы жалған дипломдарды ұсынған үміткерлер анықталды. Аталған үміткерлерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігімен жалған құжат пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалды» – дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Жалған диплом ұсынғандар заңға сәйкес 160 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады немесе дәл сондай сомаға түзету жұмыстарына тартылады. Сонымен қатар 160 сағат көлеміндегі қоғамдық жұмысқа тарту және 40 күнге қамауға алу жазалары да қарастырылған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика