spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
16 C
Kokshetau

Құрбан болған дәрігерлерге тағзым жасалды

Сондай-ақ...оқыңыз

 Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігінің бастауымен «Алтын жүрек» мемориалының қасында «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Басында бүгінгі мереке қазақ халқына алғыс айту күні деп басталған еді. Ал қазір өз алғысымызды барлық егеменді еліміз үшін еңбек еткен азаматтарға айтуымыз керек. Сондықтан «Алтын жүрек» мемориалының алдында вирустан бізді емдеп, өздері құрбан болған дәрігерлерге алғысымызды айтып, гүл шоқтарын қою рәсімін өткізіп жатырмыз, – деді Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы.

Дәрігерлерге алғысын Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Берік Кайкенов те білдірді.

2019 жылы пандемия кезіндегі дәрігерлеріміздің ерліктерін білесіздер. Мылтықсыз майданда адам арашасысы болған ақ халатты абзал жандар үшін аллея ашылып, осы мемориал орнатылған. Олардың еңбегін жоғары бағалаймыз, тағзым жасаймыз, – деді Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Берік Кайкенов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img