spot_img
Жексенбі, Сәуір 28, 2024
20.2 C
Kokshetau

Ақмолалық полицейлер есірткі курьерін ұстады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының полиия қызметкерлері Көкшетау–Қостанай айналма жолында есірті тасымалдаушы курьерді қолға түсірді, –деп хабарлайды Aqmolanews.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырған арнайы операциясының нәтижесінде a-PvP психотроптық затының таралуы тоқтатылды. Есірткіні жасырын салушы жүріп келе жатқан автокөлік Көкшетау – Қостанай айналма жолында  тоқтатылған.

Тінту барысында жедел уәкілдер 38 жастағы жүргізушіден салмағы 111 грамнан асатын синтетикалық есірткі пакетін тәркілеген. Бұл есірткі заты 300 дозаға жуық, әрі қара нарықтағы құны 2,5 миллион теңгені құрайды. Сонымен бірге, автокөлік салонынан полицейлер есірткіні жасырын салуға арналған электронды таразылар, қапсырмалары бар сөмкелер мен таспа тапқан. Ер адам Астана қаласында тұрады екен, ұсталудан бірнеше күн бұрын мобильді қосымша арқылы есірткі курьері болып жұмысқа орналасыпты. Кураторынан алған нұсқаулыққа сәйкес, ол жасырын салатын есірткіні Көкшетау аумағында таратуға тиіс болыпты. Және осы мақсатты іске асыру үшін Ақмола облысының аумағына келген.

Бұл фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.

Есірткімен ұсталған адам қазір уақытша ұстау изоляторында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында бес нарколаборатория таратылғанын жазған едік.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Бізге көзбояушылық қажет емес, нақты істер қажет!»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img