spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Әдебиет және өнер музейінде 10 мыңнан астам құнды жәдігерлер сақталған

Сондай-ақ...оқыңыз

18 мамыр халықаралық музей күні. Ақмола облыстық Әдебиет және өнер музейінің қорында 10 мыңнан астам құнды жәдігерлер сақталынуда,-деп хабарлайды Aqmola News.

Бұл туралы айтулы дата қарсаңында арнайы ұйымдастырылған брифингте  музей директоры Нұрбек Нұралы  айтты.

Аталған музей қала тарихында 1993 жылдан бастап тұрғындардың рухани-мәдени  игілігіне жұмыс істеп келеді.

Қазіргі уақытта мұражай қорында қазақтың салт-санасына, этнографиялық байырғы құндылықтарына, сал-серілік дәстүріне негізделген экспонаттар бар.

Олардың қатарында Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Иманжүсіп Құтпанұлы, Көкен Шәкеев, Сәкен Жүнісов сияқты тағы да басқа да көрнекті әдебиет-өнер қайраткерлерінің жеке заттары, қолжазбалары, әдеби-көркем шығармалары тұр.

Сонымен қатар қарауыл Қанай бидің саптаяғы мен Бөгенбай батырдың құтысы, Ақан серінің темір ұстасына тапсырыс беріп жасатқан адалбақаны, серінің сүйіктісі Ақтоқты сұлудың «Зингер» тігін іс мәшинесі мен айнасы мұражайдағы аса құнды жәдігерлер болып саналады.

Қала халқының рухани-мәдени өмірін қалыптастыруда музей көптеген іс шараларды ұйымдастырады.

Жыл сайын музей қызметкерлері қазақтың белгілі тұлғаларының мерейтойлары қарсаңында өткізілетін ғылыми-танымдық негізі бар конференцияларды да өткізуге  ат салысып келеді.

Дәстүрлі түрде Бурабай баурайында Ақмола суретшілерінің «Қылқалам жыры» атты пленэрін ұйымдастыруда музейдің орны ерекше.

Карантин уақытында музей тынысы  Жеңістің 75 жылдығына орай » Майдангер ақын жазушылар» атты онлайн көрмемен, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған  іс-шаралармен және тағы басқа да бірқатар онлайн жұмыстармен толықты.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img