spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
5.9 C
Kokshetau

Ақмолада жылына 30 миллион дана кірпіш шығаратын зауыт салынады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада жылына 30 миллион дана кірпіш шығаратын жаңа зауыттың құрылысы басталды, – деп хабарлайды «Aqmola news».

«ENKI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жанынан салынатын жаңа зауытты осы жылы желтоқсан айында іске қосу жоспарланыпты.

-Бүгінгі таңда кәсіпорын М-150, М-175 және М-300 маркалы керамикалық кірпішін шығарады. Кірпіштің түсі сарғыш «қант» түсінен «шоколадты» қоңыр түске дейін өзгереді. Кәсіпорында Испания өндірісінің «SOLINCER S.L» және «TALLERES FELIPE VERDES» фирмасының технологиялық желілері орнатылған. Өндірістік процестің барлық сатылары автоматтандырылған және компьютерлік техникамен бақыланады, – деді «ENKI» кәсіпорнының басшысы Мырзабай Әбдіхалықов.

Зауытқа жұмыс сапарымен барған кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тушанов жаңадан салынатын зауыт құрылысының жоспарымен танысты.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, зауыт жылына 30 миллион данаға дейін кірпіш шығаруды жоспарлаған. Жоба құны 5 миллиард теңгені құрап отыр. Желтоқсан айында алғашқы өнімін шығаруды жоспарлаған кәсіпорын ашылса 100-ден астам ақмолалық азамат жұмыспен қамтылмақ.

Естеріңізге сала кетсек, «ENKI» – қазіргі заманғы автоматтандырылған өндірісі бар Қазақстандағы ең ірі кірпіш зауыты және ірі форматты құрылыс кірпішін шығаратын жалғыз кәсіпорын.

Майра Қуанышқызы.

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img