spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Білім басқармаларына енгізілген өзгерістер-кадрлық құрамның сапасын арттырады-Бейбіт Жүсіпов

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімінің қаулысымен 2021 жылдың 1 қаңтарынан облыстық шаруашылық мүлікке 762 білім беру мекемелері өтті. Бұл туралы бүгінгі брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов айтты-деп хабарлайды «Aqmola News».

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ақмола облысының білім басқармасы»мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының білім беруді басқару органы болып табылады.

Осыған сәйкес қалалық, аудандық білім бөлімдері облыстың білім басқармасына есеп беруге және бақылауға алынды.

Сонымен қатар, білім беруді басқару органдарының басшыларын тағайындау және жұмыстан босату тәртібі өзгертілді.

Басшыларды тағайындау және жұмыстан босату Білім және ғылым министрлігінің келісімі бойынша жүзеге асырылады. Білім басқармалары ҚР БҒМ келісімі бойынша білім бөлімдерінің бірінші басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Бұл ретте аудан әкімдіктерінің  құзыреттері сақталады. Аудан әкімдері жетім балаларды міндетті жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету, түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, ауылдарда білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу, білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру мәселесін қарау жұмыстарын да атқарады,-деді брифингте Бейбіт Жүсіпов.

Басқарма басшысының сөзінше,  бұл өзгеріс білім беру саласындағы басқару органдарының кадрлық құрамының сапасын арттырып қана қоймай, сонымен қатар бірлескен шешіммен басқару органдарының басшылық құрамын тағайындау кезінде объективтілікті, тиімділікті қаматамыз етеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img