spot_img
Бейсенбі, Қараша 26, 2026
4.2 C
Kokshetau

Ақмолалық тәртіп сақшылары жолда қалған жүргізушіге көмектесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық тәртіп сақшылары аязда көлігінің бензині таусылып, жолда қалған жүргізушіге көмектесті, деп хабарлайды «Aqmola News».

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қаңтардың 19-да полиция кіші лейтенанты Әлнұр Өмірзақов пен полиция капитаны Әсет Ахметов «Нұр-Сұлтан-Павлодар» тас жолының 160-шы шақырымында тоқтап тұрған «Nissan» автокөлігін байқаған. 42 жастағы жүргізушіден сұрай келе, оның Семей қаласына бағыт алғанын, жолда көлігінің бензині таусылып қалғанын анықтады. «Жүргізуші жолда шамамен жарты сағат тұрып қалған. Тәртіп сақшылары оның көлігіне жанармай жеткізіп берді. Нәтижесінде жүргізуші тәртіп сақшыларына алғысын айтып, сапарын одан әрі жалғастырды», – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдікәрімова.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сайлауға дайындық заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіліп жатыр

Сайлау науқаны «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ұйымдастырылуда. Орталық сайлау комиссиясы сайлау үдерісінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика