spot_img
Сенбі, Мамыр 16, 2026
13.7 C
Kokshetau

Ауыл балалары «Бір апта қалада» жазғы акциясына қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданының шағын жинақталған мектеп оқушылары «Бір апта қалада» жазғы акциясына қатысты.

–«Бір апта қалада» атты шараның мақсаты ауылда тұратын оқушыларға облыс орталығының әлеуметтік және экономикалық, өнеркәсіптік, білім беру және демалыс салаларының қалай дамып жатқанын көрсету болып табылады»,–дейді облыстық денешынықтыру, туризм және алғашқы әскери-технологиялық дайындық орталығының мамандары.

Шараның алғашқы күні зеренділік оқушылар Көкшетау қаласындағы құрылыс-технологиялық колледжінің базасына орналастырылды. Бұл 7-8 сынып оқитын оқушылар Көкшетау қаласының колледжеріне экскурсия жасап, мамандықтар туралы мәліметтер алды. «Синема-Алем» кинотеатрына барып, қызықты кино көрді. 4 маусым күні Бурабай ауданына экскурсияға шығып, Щучинск қаласының табиғат музейіне, Абылай-хан алаңына барды. Ашық аспан астындағы Ботай-Бурабай музейімен танысып, ондағы тарихи ескерткіштерді өз көздерімен көріп оралды.

Келесі күні «Новопэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Полиция департаментінің мұражайына барды, 5510 әскери бөлімінде сарбаздардың бір күнімен танысты. Сонымен бірге, апта ішінде Ш.Уәлиханов, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеттеріне барып, өздерін қызықтырған мамандықтар туралы ақпарат алды. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде тарихи жәдігерлермен танысты.

–Маған бұл жоба қатты ұнайды. Әсіресе, Бурабайға барғанда, мұражай, кітапханаларды араларғанда көптеген қызықты мәліметтер алдық. Жоба ұйымдастырушыларына алғысым шексіз, – деп өз ойымен бөлісті Қанай би негізгі мектебінің оқушысы Айым Жолдас.

Қызыққа толы аптаның соңғы күні балалар «Болашақ» сарайында болып, оның ішіндегі түрлі үйірмелер мен секцияларды көрді. Одан әрі қалаға экскурсияға шығып, бір жұма ішінде қаладан алған жағымды әсерлерімен бөлісіп, үйлеріне оралды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика