spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 13, 2024
15.7 C
Kokshetau

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Бізге көзбояушылық қажет емес, нақты істер қажет!»

Сондай-ақ...оқыңыз

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды:

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» атты кең ауқымды республикалық экологиялық акциясы жалпыхалықтық қозғалысқа айналғаны бар.

Кеше (27 сәуір 2024 жыл) Президентіміздің өзі бастап осы акцияға қатысып, ағаш көшеттерін отырғызып,елмен бірге болды.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов та Көкшетау қаласында өткен «Жасыл аймақ» акциясына қатысып, ағаш көшеттерін отырғызды.
Бұл науқан Ақмола облысы бойынша өте бір ұйымдасқан жағдайда өтті. 62 мыңнан астам халық осы акцияға қатысып, белсенділік танытты.
Өңір басшысы Марат Ахметжанов сенбілік аясында жергілікті тұрғындармен кездесу барысында: -Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қазақстандықтарды, соның ішінде әсіресе, жас ұрпақты табиғатқа, қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен, ұқыпты қарауға тәрбиелеу мәселесін ұдайы айтып келеді,-дей келіп, тазалық сақтау тәртіптен басталатындығын алға тартты.
Сенбіліктен соң облыс әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласының кейбір көшелерін, үй аулаларын аралап көрді.
Әкімнің кей көшедегі үй аулаларының тазалығына көңіл толмады.
-Неге маған ылғиына алдын-ала тазаланған аумақтарды ғана көрсетесіздер. Бізге ендігі арада көзбояушылық қажет емес, нақты іс қажет! Осыны біліңіздер»,-деп Көкшетау қаласының бірқатар мекеме басшыларына ескерту жасады.
Расында, көпірме сөзден, көзбояушылықтан арылып, нақтылы іс атқаратын кез әбден келді!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жеңіс күніне орай ардагерге құрмет көрсетілді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутат Саят Сыздықов тыл еңбеккері  Ксения Петровна Тюменцеваны Жеңіс күнімен құттықтады. Зеренді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img