spot_img
Жұма, Қазан 4, 2024
12.2 C
Kokshetau

Су тасқыны: ел-жұрт жұдырықтайжұмылып, іске кірісті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының 6 аумағында төтенше жағдай. Көкшетау қаласы,   Есіл, Жарқайың,Атбасар, Бұланды және Астрахан аудандары тасқын сумен күресуде. Қалыптасқан жағдайға байланысты бүкіл қоғам болып топтасты.Төтенше жағдайлар қызметкерлерімен қатар партия мүшелері, партия депутаттары мен «Жастар руһы» жастар қанатының еркітілері жергілікті билік органдарымен бірге су тасқынына қарсы қолға алынған шараларға атсалысуда. Ақмолалық кәсіпкер депутаттар ауыр техникамен көмектесіп, арнайы есеп шотқа қаржылай ақша аударып, төтенше жағдай қызметкерлеріне ыстық тамақ жасап, құм салатын қаптар сатып алып, күнтүн демейхалықпен бірге. Зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, мемлекет тарапынан көмек көрсететін арнайы комиссиялардың құрамында жұмыс істеуде. Гуманитарлық жүктерді жеткізуді ұйымдастырып, волонтерлердің жұмысын үйлестіріп жатыр.

Зардап шеккендерге жан жақты көмек көрсету үшін «Amanat» партиясының жанынан құрылған өңірлік штабтар үздіксіз қызметте. Штабтарда азаматтарға медициналық, психологиялық және ақпараттық көмек көрсетілуде. Келіп түскен арыз-өтініштер дереу қабылданып, шешілу үстінде. Төтенше жағдай жарияланған аймақтарда жүрген депутаттар әлеуметтік қызметкерлермен бірге әр азаматқа түсіндірме жұмысын жүргізуде. Мәселен, облыстық партия жетекшілері, жергілікті аудандық партия өкілдері мен әлеуметтік қызметкерлерден құралған мобильдік топ тек бір күн ішінде ғана үйілеріне су кірген 150-ден астам атбасарлық азаматтармен түсіндірме жұмысын жүргізді. Бұл жұмыс күнделікті жалғасып жатыр.

Көкшетау қаласындағы Достық үйінінің жанынан ашылған гуманитарлық көмек жинау орталығына өңірдегі жаны жомарт азаматтардан азық-түлік, киімкешек және тұрмысқа қажетті заттар келіп түсуде. «Жастар руһы» жастар қанатының еріктілері зардап шеккен тұрғындарға үлестіріп жатыр.Облыстағы су тасқынанын зардап шеккен 6 ауданның жұртшылығына Павлодар, Жамбыл облыстарынан, Астана қаласынан үздіксіз гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктері келіп жатыр. Жергілікті волонтерлер оны дереу тарату үстінде.

Облысымызда 500ден астам волонтерлараянбай еңбек етуде. «AMANAT» фракциясының депутаттары да қиындыққа тап болған өңірлерде, елдің ортасында жүр. Қазір барлық күш, барлық ресурс су тасқынын еңсеруге бағытталып отыр. Депутаттар халықпен үнемі байланыста. Тасқын судың беті қайтқанша өңірлерде халықпен біргеміз.

Ешкімде ескерусіз қалмайды.

«AMANAT» партиясының

Ақмола облыстық филиалы

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент ұсынған реформалар жергілікті басқарудың сапасын арттырады – Дастан Әкімов

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөз сөйледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img