spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 6, 2024
2.4 C
Kokshetau

Шортандылық оқушы шыны құтылардан жылыжай құрастырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Әйгерім Анесий шыны құтылардың қалдықтарынан жылыжай жасап, ғылыми жоба жазды.

–Жобаның  басты мақсаты – қалдық шыныларды пайдалана отырып, жылыжай жасап,  ешқандай шығынсыз өнім өсіру және оның халыққа пайдасын нақты көрсету, – дейді жас зерттеуші.

Әйгерім өзінің  жетекшісі Жарқынгүл Асауимен бірлесіп, өз алдына міндет қойып, жұмысқа кірісіп кеткен. Алдымен жылыжайды құрастыруға қажетті дәрілердің шыны құтыларын жинаған, кейін оларды бір-біріне жапсырған. Кейін суару құбыры мен су жинайтын бөшкелерді орналастырады. Сонымен қатар, шатырының ашылып-жабылуы ыңғайлы болуы үшін гидравликалық күшті тиімді қолдану жолдарын қарастырып, суару жүйелерін автоматты етіп жасаған.

–Бұл жылыжайда біз 2022-2023 оқу жылының қыркүйек – сәуір айлары аралығында өнім өсіріп, зерттеп көрдік. Әйгерім бұл жоба арқылы ешқандай шығынсыз,  қолжетімді  материалдарды қолдана отырып жасалған жылыжайда адамның денсаулығына зиян келтірмейтін кез келген өнімді өсіруге болатынын  дәлелдеді, – деді жоба жетекшісі, математика және информатика пәнінің мұғалімі Жарқынгүл Асауи.

Нәтижесінде  Әйгерім Анесий осы зерттеу жұмысын «Медицина, психология, экология» секциясы бойынша республикалық «Зерде» ғылыми жоба байқауларына ұсынып, жүлделі орынға ие болыпты.

Айта кетейік, осы «Зерде» байқауының гуманитарлық легіне Ақмола облысынан 13 жобамен 16 оқушы қатысып, 11 оқушы жүлдегер атанды және 2 оқушы грамотамен марапатталды.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ: « Бұл өнімдер Қосшы қаласының брендіне айналуы тиіс!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img