spot_img
Сейсенбі, Маусым 17, 2025
33.2 C
Kokshetau

Өңір басшысы елордадағы облыстық аурухананың жағдайымен танысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Аймақ басшысы Марат Ахметжанов Ақмола облысының №2 көпсалалы облыстық ауруханасына ат басын тіреді. Бұл денсаулық сақтау мекемесі елордаға жақын орналасқан  7 ауданның – Аршалы, Астрахан, Егіндікөл, Ерейментау, Қорғалжын, Шортанды, Целиноград және Қосшы қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.

Стационарда тәулік бойы ем алуға арналған 220 және күндізгі ем-шара қабылдаушыларға арналған 60 төсек-орын қарастырылған. Мұнда 8 бөлімше бар, атап айтқанда, хирургиялық, акушерлік, гинекологиялық, урологиялық бөлімшелер, сондай-ақ жаңа туған нәрестелер патологиясы және шала туылған нәрестелерді күту бөлімшесі, инсульт орталығы және реанимациялық блоктан тұрады.

Облыс әкімі бөлімшелердің жұмысымен танысып, мекеме қызметкерлерімен кеңес өткізді.

Кездесу барысында проблемалық мәселелер көтерілді. Оның
ішінде-төсек санын 250-ге дейін ұлғайту, травматология және жүрек қан тамыры аурулары бөлімшелерін ашу жайы талқыланды. Бірлескен медициналық көмек көрсету бөлігінде Астана қаласының ауруханаларымен өзара іс-қимыл мәселелері жеке қарастырылды.

Кездесу соңында Марат Ахметжанов елорданың медициналық мекемелерімен меморандум жасау мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Аспан әлемінің тарландары

Балқаш қаласына жақын орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери әуе күштеріне қарасты полковник Асанов Азамат Нурумович басшылық ететін 53898...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика