spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
15.2 C
Kokshetau

Медициналық кадр тапшылығы 22% ға төмендеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Биылғы жылы Ақмола облысының ауылдық жерлеріне 131 дәрігерл маманы жұмысқа орналасты.  Келген дәрігерлердің ішінде жас мамандардың саны – 76. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Ақмола облысында дәрігерлік кадр тапшылығы 22% – ға, яғни, 244-тен 190-ға дейін төмендеді.

Бүгінде медицина саласында кадрлық дамыту мәселесі көп жылдар бойы өз шешімін талап етіп келеді. Медициналық ұйымдарда 7 мыңға жуық маман, оның ішінде 1,6 мың дәрігер және 6 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді.

Айта кетерлік жайт, бүгінгі күні өңірге медициналық кадрларды ынталандыру және тарту мақсатында бірқатар жүйелі және дәйекті шаралар қабылданып жатыр. Осылайша, пәтер мен жатақхана беру, жалдау төлемдерін төлеу, дәрігерлердің балалары үшін балабақшаларда орын бөлу, олардың жұбайларын жұмысқа орналастыру және басқа да қолдау түрлері арқылы медициналық мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Сонымен қатар, өткен жылы Ақмола облысында жас мамандарға көтерме төлем аудандық және облыстық маңызы бар қалалар үшін 1,5 миллион теңгеге дейін және ауылдық жерлерде 2,5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Жыл басынан бері облысқа 130-дан астам дәрігер келді. Бұл кадр тапшылығын 22% – ға төмендетуге мүмкіндік берді. Оның ішінде ауылдық жерлерге 85 маман, өңір қалаларына 30-ға жуық маман жұмысқа тұрды.

Сонымен қатар, 60-қа жуық дәрігер медициналық ұйымнан баспана және көтерме қаражат алды. Осы жылы жергілікті бюджет қаражатынан көтерме төлемдерді төлеуге бөлінген сома 120 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Дәрігерлердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, оның ішінде жіті тапшы мамандықтар бойынша Ақмола облысының әкімдігі 300 грант бөлді. Бұл резидентурада оқуға 35 грант, 50 грант Ш. Уәлиханова атындағы Көкшетау университетінің медицина факультетінде «жалпы медицина» мамандығы бойынша оқуға жіберіледі. Бүгінгі таңда университетте шамамен 74 болашақ дәрігер білім алып жүр.

Сондай-ақ орта буын медицина қызметкерлері үшін жыл сайын жергілікті бюджет есебінен 190 грант бөлінеді. Және жыл сайын дәрігерлердің орташа жалақысын 30% – ға, орта медицина қызметкерлеріне 20% – ға арттыру шаралары жалғасуда. Бүгінгі таңда дәрігерлердің орташа жалақысы 545 мың теңгені, орта медициналық персоналдың жалақысы 305 мың теңгені, кіші персоналдың жалақысы 131 мың теңгені құрайды.

Дәрігерлерді қолдау және олардың мәртебесін арттыру бойынша осындай шаралар бұдан әрі де жалғасатын болады. Мұның бәрі аймаққа медициналық мамандардың ағынын қазір ғана емес, кейінгі жылдары да қамтамасыз етуге және дәрігерлердің тапшылығы мәселесін түпкілікті шешуге септігін тигізеді.

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img