spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
25.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында волонтерлер су құбыры желілерін реконструкциялау бойынша бұзушылықтарды анықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлері Сандықтау ауданы Белгородское ауылында су құбыры желілері мен ұңғымаларды қайта жаңартуға мониторинг өткізіп, бірқатар бұзушылықтарды анықтады.

Тапсырыс беруші аудандық құрылыс бөлімі болып табылатын бұл жобаға шамамен 194 млн бюджеттік теңге бөлінген, алайда жергілікті тұрғындар жаңа инфрақұрылымды үшінші жыл күтуде. Ауыл тұрғындары сумен жабдықтау жүйесі мерзімінің ұзақтығы мен сапасына алаңдаушылық білдіруде. Белгілі болғандай, азаматтардың наразылығы толығымен негізделген.

Мысалы, волонтерлер қазба жұмыстарын жүргізетін экскаватор қалақшасының көлемі техникалық сипаттама бойынша талап етілгеннен көп екенін анықтады. Бұл топырақтың зақымдалған бетінің ұлғаюына және оның терең шөгуіне әкелді.

Осы уақытқа дейін бұрынғы сумен жабдықтау желісін бөлшектеу жүргізілмеген, бұл жаңа желілерді орнатуға теріс әсер етуі және жоба талаптарының бұзылуына әкелуі мүмкін. Айта кетейік, бұл мақсаттарға 19 млн теңгеден астам қаржы бөлінген болатын.

Су құдықтарының люктерін орнату технологиясында да бұзушылықтар анықталды. Люктер жер бетінің деңгейінен төмен орналасқандықтан, жаңбыр суы құдықтарға ағып, бекіту арматурасына кіруге шектеу келтіреді. Волонтерлер мониторинг барысында дәл осы жағдайға куә болды. Олардың айтуынша, қыста ағынды сулар мұзға айналғанда жағдай әлдеқайда қиындамақ.

Анықталған ескертулер бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тиісті тексеру жүргізуде.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img