spot_img
Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
7.2 C
Kokshetau

Солтүстік өңірлердегі әскери бөлімдер тексерістен өтуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Орталық өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақмола, Қостанай облысындағы әскери бөлімдер қорытынды тексеріске кірісіп кетті, деп хабарлайды ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Аталмыш шараны Орталық өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасарлары полковник Владимир Березовиков пен полковник Ильяс Сагандыков кешенді топтарын құрып, жеке бастады.

– Қорытынды тексеріс жылына екі мәрте өтіп тұрады, қысқы және жазғы болып, бұл кезде әскери бөлімдегі әрбір сардардан бастап саптағы ақырғы сарбаз атыс жаттығулары, дене шынықтыру дайындығы, мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағы, саптық дайындығы, жарғы талаптарын білу бойынша, нормативтерді орындаумен сыңалады, біздің басты міндет – осы қаншалықты дайын екендерін тексеру, – деп атап өтті комиссия мүшесі подполковник Бауыржан Мукашев.

Шара тәртібіне сай бірінші күні бөлім командирлері тексеріс басталуы бойынша жиналыс өткізіп, даярлығы жайлы баяндайды. Ең алғашқы болып ережеге сай жеке құрамның алдына әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы шығарылып, саптық тексеріс өткізіледі, кейіннен жеке жеке топталып алдын-ала расталған кестеге сай әрбір сабақ түрлерінен сынақтар қабылданады.

Қазіргі уақытта Қостанайлық 6697 әскери бөлімі мен Көкшетаулық 5510 бөлімі сынақталса, алдыңғы аптада өңірге қарасты СҚО, Қарағанды, Ұлытау облысына қарасты әскери бөлімдері тексеріске жұмылдырылады.

– Қазіргі уақытта біз топ мүшелерімен 5510 әскери бөлімінде қорытынды тексеріс қабылдаудамыз. Айта кетерлік жәйт, әрбір сардар, келісім шарт бойынша әскери қызметшілер, сарбаздар бір болып, ұжымдасып, ынтасын көрсетіп жатыр, бұл үлкен бағаға ие, себебі жұмылған кезде ғана күш бола алады, тек бірлескен кезде ғана тапсырманы мүлтіксіз орындай алады, деп өзінің ойын білдірді жедел басқармасының аға офицері подполковник Асқар Мұратов.

Атап өтсек, аталмыш тексеріс жыл сайын әскери бөлімнің жауынгерлік даярлығын тексеру үшін ұйымдастырылып келеді, осы сыңда алғыр атанғандарына «сыныптық категория», «спорттық разряды» көтерілетін болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img