spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында 38 мемлекеттік қызметшіге әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді

Сондай-ақ...оқыңыз

 

Қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік қызметтегі жас мамандарға қосымша әлеуметтік қолдау шаралары көзделген. Яғни, ауылдық жерде жұмыс істеп, тұруға келген мемлекеттік қызметшілерге көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал тұрғын үй алуға немесе салуға бюджеттік несие 1500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде он бес жылға дейінгі мерзiмге 0,01% мөлшерiндегі жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі.

Бұл жерде қосымша әлеуметтік қолдау шараларының басшылық лауазымдарды атқаратын тұлғаларға таралмайтынын және бұл қолдау шаралары тек мемлекеттік қызметтің E-G-3, E-G-4 санатындағы бас мамандар мен жетекші мамандарға қатысты екендігін атап өткен жөн.

Соңғы үш жыл ішінде Ақмола облысында 38 мемлекеттік қызметшіге әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 13 мемлекеттік қызметшіге 58 829 000 теңге мөлшерінде бюджеттік несие, 32 мемлекеттік қызметшіге 10 178 400 теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленді.

Сонымен қоса, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен  мемлекеттік қызметшілерді «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңында және өзге де заңнамада айқындалатын тәртiппен тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғынжай жағдайларын жақсартуға мұқтаж қызметшілерге жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру, белгіленген тәртіппен мемлекеттік денсаулық мекемелерінде медициналық қызмет көрсетуді пайдалану мүмкіндіктері көзделген.

Оған қоса, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік органның штат кестесі қысқарған, таратылған жағдайда жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу,  қайта ұйымдастырылған жағдайда функциялары берілген басқа мемлекеттік органнан бұрынғы атқарған лауазымымен мәні бірдей лауазым, болмаған жағдайда өзге мемлекеттік лауазым ұсыну  қарастырылған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img