spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
14.7 C
Kokshetau

Сотқа жүгінген кезде төленген мемлекеттік баж қалай қайтарылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Сотқа жүгінетін азаматтарды қызықтыратын өзекті мәселелердің бірі мемлекеттік бажды қайтару мәселесі болып табылады. Оны қайтару шарттары салық заңнамасында тікелей қарастырылған.

Мемлекеттік кірістер органына жүгінген кезде мемлекеттік бажды қайтару үшін мынадай құжаттар талап етіледі:

– белгіленген үлгідегі салықтық өтініш (бланкіні Мемлекеттік кірістер органы не МКК сайты береді);

– заңды күшіне енген, оның негізінде қайтарудың заңдылығы айқындалатын сот актісі не қайтарудың заңдылығын растайтын тиісті мемлекеттік органның құжаты;

– ҚР заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат (қажет болған жағдайда).

Мемлекеттік баж келесі шарттармен қайтарылады:

– егер мемлекеттік баж сомасы Салық кодексі бойынша талап етілгеннен көп мөлшерде енгізілсе (талапкер өз талаптарын төмендететін жағдайлар ерекшелік болып табылады);

– істі төрелік сотқа берген кезде;

– тараптар бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда татуласқан жағдайда (бітімгершілік келісіммен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен)толығымен қайтарылады;

– сондай-ақ тараптар татуласқан кезде кассациялық сатыдағы соттарда сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтініш берген кезде төленген соманың жартысы қайтарылады;

– егер талап қоюды немесе өзге де арызды (шағымды) сот қайтарса;

– сот өтінішті (шағымды)қабылдаудан бас тартқан кезде;

– талап қою қараусыз қалған жағдайда, егер іс сотта қаралуға жатпайтын жағдайда, сондай-ақ егер талап қоюшы істердің осы санаты үшін белгіленген дауды алдын ала шешу тәртібін сақтамаса не талап қоюды әрекетке қабілетсіз адам қойса;

– іс бойынша тарап мемлекеттік мекеме болған кезде және шешім талапкердің пайдасына шығарылған кезде (ака төлеуші);

– сот актісін қайта қарау туралы өтінішхат қайтарылған кезде.

 

Мемлекеттік баж келесі жағдайларда қайтарылмайды:

– талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы;

– талап қоюшының өз талаптарын азайтуы;

– сот бұйрығының күші жойылды.

Ұсынылған құжаттар салық төлеуші қайтаруға салықтық өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

Ақшалай соманы нақты қайтару мемлекеттік баж сомасы есептелген тиісті бюджеттік сыныптама кодынан салық төлеушінің банктік шотына сотпен бірдей учаскеге аумақтық қызмет көрсететін мемлекеттік кірістер органына жүгінгеннен кейін ғана мүмкін болады.

Төленген мемлекеттік бажды қайтару үшін белгілі бір мерзімдер бар. Құжаттар бюджетке баж төленген күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей Мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылуы керек. Осы мерзімді өткізіп алу төлеушіні ақшаны қайтару құқығынан айырады.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман- сот отырысының хатшысы Гүлжан Утешева

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img