spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.2 C
Kokshetau

Сырым Шәріпханов ҚР ТЖМ азаматтық қорғау академиясының бастығын таныстырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасының ТЖ министрі Сырым Шәріпханов Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының жеке құрамына оқу орнының жаңа бастығын таныстырды, деп хабарлайды азаматтық қорғау академиясының

баспасөз қызметі. Ол азаматтық қорғау полковнигі Әлібеков Ерлан Әлібекұлы болды.

Ерлан Әлібеков 2017 жылдан бастап Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары техникалық училищесін, 2000 жылы Көкшетау техникалық институтын, 2008 жылы Ресей ТЖМ Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетінің аспирантурасын бітірді. Техника ғылымдарының кандидаты. Үйленген, екі баласы бар.

Осыған дейін академия басшысы қызметін Сырым Шәріпханов жеке құрам алдында Жауынгерлік Тумен салтанатты түрде қоштасты. Министр өзінің сөзінде білім беру мен мамандар даярлауда табыс тіледі.

Бүгінгі таңда оқу орны 4 білім беру бағдарламасы бойынша білікті мамандар даярлайды: «өрт қауіпсіздігі», «төтенше жағдайларда қорғау», «азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық күші» және «өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі». Сондай-ақ Академияда «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша магистранттар оқиды. Биыл университет алғаш рет қыздарды қабылдады.

Тәуелсіздік жылдарында төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың түрлі салаларында жұмыс істейтін 5000-ға жуық маман даярланған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img