Әлемдегі кез келген тәуелсіз мемлекеттің ғасырлар бойы өз құнын жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан заңдар жинағы болады. Осындай Ата Заң біздің елімізде де, яғни Қазақстан Республикасында да ел тәуелсіздігін нығайту барысында қабылданды. Мемлекетіміздің тым қысқа мерзімде өз Конституциясын жасап, қабылдағаны талайларды таңқалдырғаны рас.
Олардың арасында азуын айға білеген державалар да болды. Біз құптай қарағандарға да, сынай үңілгендерге де мән берместен өлшеулі уақыт, табанды талап, шығармашылық іс-әрекеттің арқасында алға қойған мақсатымызға жеттік. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы өзінің демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемелекет екенін Ата Заңы арқылы да бүкіл әлемге танытты.
Қазақстан Республикасының Конституциясы егемен мемелекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан заңнамалық акт болды. Ата Заңның қабылдануы конституциялық құрылыстың саяси-құқықтық негізін қалады, мемлекеттік тетік және қоғамдық, саяси жүйенің негізгі қағидаттарын орнықтырды. Адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі. Конституция Қазақстан Республикасы дербес мемлекет ретінде ұлтына қарамастан онда тұратын барлық адамдардың еркіне сәйкес жасалды. Ата Заңның алғысөзінде “Біз ортақ тарихы бар, тағдыр біріктірген Қазақстан халқы…” деп жазылған сөйлемнің мағынасының тамыры өте тереңде екені айтпаса да түсінікті. Бұл босқа жазыла салған сөз емес. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылғы 28 қаңтарда XII шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің IX сессиясында қабылданды. Конституция қысқа мерзімді перспективалары қамтиды. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда жаңаКонституция жобасықабылданды.
Жыл сайын республикада бұл күн мемелекеттік басты мерекелерінің бірі ретінде аталып өтіледі. Еліміздің Ата Заңы адамзат баласының жүздеген жылдар бойы қалыптасқан жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді. Біздің тәуелсіздігіміздің кепіліне айналған Конституция – бабалардың даналығы мен қазіргі заманның рухын бірлестіре үйлестірген, жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың теңдігін тегіне қарамастан бекіткен ұлы құжат болды.
Ақмола облысының кәмілетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Ақан Қайыркенұлы Дайыркен