spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.2 C
Kokshetau

Мектептердің күрделі жөнделуі бақылауда

Сондай-ақ...оқыңыз

Жаңартылып жатқан ғимараттар өткен ғасырдың ортасында салынған білім ордалары енді жаңа оқу жылы қарсаңында  жаңа кабинеттермен жасақталып, заманауи құрылғылармен жабдықталмақ.  Бұланды ауданына қарасты Қараөзек ауылының мектебі ашылғанынан бері биыл бірінші рет жөнделіп жатыр. Әбден тозығы жеткен ғимараттың шатыры қайтадан салынып, жаңа терезелер орнатылуда. Қыркүйекке дейін мектептің оқу кабинттері, асханасы және спортзалы жөнделеді.  Мектеп директоры Қалимаш Дайырова ғимаратқа күрделі жөндеу өте қажет болғандығын айтады. «Бұл мектепте мәселе көп болды. Ең бастысы – жанағы электр құрылғылардың ескіруі, су құбырының жоқтығы. Тек қана өзіміздің жергілікті «скважина» болды, оның су сапасы да нашар болды және де кәріз жүйесінің болмауы»,- дейді ол.

Буланды ауданына қарасты Қараөзек ауылдық мектебіне    басталған жөндеу жұмыстары тамыздың соңына дейін аяқталады. Жалпы жөндеу жұмыстарының 80 пайызы толығымен аяқталған. Жалпы өңірде 80-нен астам  мектеп жөндеуден өтіп, 5 мыңнан астам орынға есептелген 14 жаңа мектептің құрылысы да жүріп жатыр. Көбі облыс орталығы мен Астана маныңдағы аудандарда. Соның алтауы жаңа оқу жылының қарсаңында іске қосылады. Аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мектептің жөндеу жұмысымен танысып, жүргізіліп жатқан істерді тағы бір пысықтады.

Жалпы, Бұланды ауданына қарасты Вознесенка және Қараөзек ауылдың мектептерінде жаңа модификациядағы кабинеттер ашылып,  қажетті құрылғылармен жабдықталмақ. Құрылғылар дайын, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін орнатылмақ.  Спортзалдармен алғашқы әскери дайындық кабинеттерін жаңа қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмек. Барлығы да партия депутаттарының жіті бақылауында.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img