spot_img
Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
15.6 C
Kokshetau

Мемлекеттік қызметшінің оңтайлы имиджін құру маңыздылығы

Сондай-ақ...оқыңыз

Біздің елде мемлекеттік қызмет мықты құқықтық негізі бар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелген.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»  ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет – мемлекеттік биліктің функцияларын және тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық билікті орындау бойынша мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің қызметі. Көбінесе меморганның қабылданған шешімінен адамның тағдыры, бизнес субъектілерінің, үкіметтік емес ұйымдардың және т.б. қызметіне байланысты үлкен жауапкершілік жатыр.

Мемқызметші өз ісінің маманы болуға, мемлекеттік функцияларды орындауға байланысты шектеуліктерді білуге, адал болуға, заңдылық принципін бұлжытпай орындауға, көмекке жүгінген адамдарды сыйлауға міндетті.

Мемлекеттік қызметші- көмекке жүгінген азаматты тыңдай алатын және қандай да бір мәселені шешуге көмектесетін өз ісінің мамандары, себебі азаматтар мемлекеттік органдарға мәселені шешуге немесе ҚР қолданыстағы заңнамада түсініктемелер алу үшін немесе басқа да деректер мен ақпарат қызықтырса жүгінеді. Сонымен қатар, біздің азаматтарға әрдайым дұрыс бағытта жүруді және тек құқықтық шеңберде жүзеге асыруды түсіндіре білу өте маңызды.

Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесі ұдайы негізде жетілдіріледі және білім алу, өзін-өзі дамыту, өз болашағын жоспарлай білу, ортаны сыйлау, ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді, мәдениетті, тілді  және өнерді сақтауға әрекет етуге, себебі бұл құндылықтар бізді ерекше қылдырады, осылайша жалпы ұрпақ тәрбиеленеді.

Иә, мемлекеттік қызметшіге басқаларға үлгі болу, этикалық нормаларды сақтауға, қызметте де тұрмыста да кішіпейіл болу өте маңызды. Мемлекеттік қызметшілер тұрақты негізе өздерінің ой санасымен жұмыс істеу отырып қоғамдық сананың артуына қатыса алады және сонда ғана біз азаматтардың билік институтына сенімнің нығаюына және азаматтарымыздың ойы саналып жатқанына және құқытарының бұзылмауына сенімді арттыра аламыз. Ал бұл менің ойымша жұмыс бір күнде, бір жылда бітетін жұмыс емес, бұл азаматтарымыз және мемлекетіміз үшін бағытталған күнделікті жұмыс.

Сондықтан да, мемлекеттік қызметті атйқанда мен, Мемлекеттік қызмет-бұл бедел және құрмет, мемлекеттік қызме- бұл бостандық  және азаматтардың құқықтарын қорғау кепілі, және де бұл тізімді шексіз толтыруға болады. Жаңа Қазақстанның құрылуы мемлекеттік қызметшінің шешімі мен әрекетіне және жалпы қоғамға байланысты.

Мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі болғанына шексіз мақтанамын!

Ақмола облысы Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкіл Гульмира Сагадиева

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img