spot_img
Жексенбі, Наурыз 3, 2024
-8.3 C
Kokshetau

Мониторингтік топ жұмыс үстінде

Сондай-ақ...оқыңыз

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы азық-түлік және халық тұтынатын тауарлар бағасына мониторинг жүргізетін қоғамдық топтар өңірдің әр ауданында қарқынды жұмыс істеп жатыр.

Мәселен, бүгін мониторингтік топ Көкшетау орталық базарындағы азық түлік бағасын тексерді. Талдау көрсеткендей, 9 маусыммен салыстырғанда  аз болса да бағаның төмендеуі тіркелген. Картоп 10 теңгеге, сүзбе 82, қырыққабат 17 , қант 7 , жұмыртқа 27 , қарақұмық 18 теңгеге арзандаса,  ұн бағасының шамалы артуы байқалған. Сондай ақ, күнбағыс майы 5 тг, тауық 3 тг, сәбіз 10 тг, күріш 11 теңгеге артқан. Қалған өнімдерге баға өзгерген жоқ. Мониторингтік топ мүшесі Бауыржан Ыбыраев, бағаның өсуінің негізгі себебі өндіріс шығындарының өсуіне, жанар жағармайдың, байланыс көлігі құнының өсуіне байланысты тауар өндірушілер де өз бағаларын шамалап өсірген дейді.

Ағымдағы жылдың 19 наурызынан бастап мониторингтік топтар «AMANAT»  партиясының аумақтық филиалдары жанынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына 418 мониторинг жүргізген. Тауарлардың кейбір түрлеріне салыстырмалы түрде төмен бөлшек сауда бағалары анықталды. Мониторингтік топ сол жерде Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының талаптары түсіндіріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% – дан асқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертті.

 «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының Партиялық бақылау космиссиясы атап өткендей, сауда нысандары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіндегі 19-ының бағасы өсуіне жол бермеуі тиіс. Олай болмаған жағдайда олар Бәсекелестікті қорғау агенттігі немесе Тұтынушыларды қорғау комитеті сияқты құзыретті мемлекеттік органдардан айыппұл арқалауы мүмкін.

Жалпы, облыс бойынша  мониторинг және қадағалау жүргізетін  партиялық мониторингтік топтар дәрі-дәрмектер мен жанар жағар май бағаларын да тексереді. Тексерістен соң,   әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өзгеруі туралы ақпарат «AMANAT»-тың аумақтық филиалдары жанындағы Партиялық бақылау комиссияларының отырысында қаралады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

2023 жылы 140 мыңнан астам ақмолалық АИТВ-ға тестілеуден өтті

Бірінші наурызда ЮНЭЙДС бастамасымен, бүкіл әлемде "Кемсітушілік нөлі" күні атап өтіледі. 2024 жылғы ұраны - "Әркімнің денсаулығын сақтау үшін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img