spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
4.2 C
Kokshetau

Бұландының майы – Италияға, Бурабайдың еті – Дубайға!

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев оны Бұланды, Бурабай аудандары мен Көкшетау қаласындағы агроөнеркәсіптік кешендердің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Вице-Премьер Серік Жұманғариннің алғашқы жұмыс сапары еліміздегі құс шаруашылығы саласындағы көшбасшылардың бірі – «Макинскқұс фабрикасы» ЖШС-нан басталып, оны «Айтас KZ» АҚ-ның вице-президенті Рабиға Тоқсейітова таныстырды.

– Біздің компания тігінен біріктірілген холдинг болып табылады: біз бүгінде әлеуметтік маңызы бар өнімдер санатына жататын құс етін өндірумен айналысамыз. Биыл кәсіпорынымыздың үшінші кезегін пайдалануға береміз. Макинск құс фабрикасы тірі салмақта 100 мың тоннаға жуық ет, 85 мың тонна ет өнімдерін өндіреді, – деді ол. Компаниялар тобына сондай-ақ, Өскемен құс фабрикасы да кіреді, ол биыл кеңейтілгеннен кейін 60 мың тонна тауық етін өндіретін болады.Компания вице-президентінің айтуынша, бұл отандық тауық етінің жалпы өндірісінің 28 пайызын жабады.

– Біз қазақстандықтардың құс етіне ішкі сұранысын 100 пайыз қамтамасыз етуді, сондай-ақ, еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешуге көмектесуді мақсат етіп отырмыз, – деп сендірді Рабиға Тоқсейітова.

2024 жылдан бастап компания Алматы облысында жылына 120 мың тонна құс етін өндіретін Орталық Азиядағы ең ірі құс фабрикасының құрылысын бастайды.Кәсіпорынның негізгі проблемаларының қатарында жемшөп базасының жеткіліксіздігі, құс тұмауы және құстардың басқа да ауруларымен байланысты қолайсыз эпизоотиялық жағдай, ішкі нарықтың жосықсыз бәсекелестіктен, мысалы, демпингтен, тауарларды бұрмалау, сондай-ақ, өнеркәсіпорындарының жұмысы мен саудасының бұзылуынан жеткіліксіз қорғалуы, импорттық квотаның ұлғаюы, экспортты мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, қоймалық логистиканың дамымауынатады.

– Баға көтерілген кезде сұранысы арта түсетін өнімдер, мысалы, тауық жұмыртқасы деп аталатын Гиффен тауарларын мемлекет халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көмектесу үшін қорғайды. Өйткені, адамның табысы төмендеген кезде ол осы тауарларды көбірек тұтынады. Егер сіз жұмыс істеуге дайын болсаңыз, біз сізге көмектесеміз, бірақ, келісімдерді бұзбау керек.Мәселен, 4 ай бұрын сіздің компания тауық жұмыртқасын 37 теңгеден сатуға міндеттенді, бірақ, іс жүзінде сіз оны 45 теңгеден сатасыз, немесе субсидиялардан бас тартасыз…Біздің міндетіміз – нарықты тұтынушының талғамына сай әртүрлі өндірушілердің тауарларының ассортиментімен қамтамасыз ету, тұрғындарға отандық өндірушілердің қажетті өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігін беру үшін бағаны ұстап тұру, – деп түйіндеді сөзін Премьер-Министрдің орынбасары.

– «БОТА-2015» ЖШС-нің майбұршақ, зығыр, күнбағыс және рапс тұқымдарын өңдейтін май экстракциялық зауыты тәулігіне 600 тонна шикізат өндіреді, – деді өңдеуші кәсіпорынның жұмысымен таныстырған бас директор Арман Құдайбергенов. Бүгінде Бұланды ауданында өндірілетін май өнімдері Италияға да шығарылады. Қазір мұнда орта есеппен 250 мың теңгеге жуық жалақы алатын 86 адам жұмыс істейді. Өткен жылы май өнімдерін шығаратын зауытты кеңейту үшін 623,5 миллион теңгеге субсидия бөлініп, Қытай, Орталық Азия, Ресей, Италия елдеріне 10 мың тонна майлы дақылдар экспортталды.

«KazBeef Processing» ЖШС-ында Сауда және интеграция министрі мәрмәр ет пен жартылай фабрикатталған еттің тамаша сапасымен еліміздің шекарасынан тысқары жерлерге де танымал ет комбинатының қызметімен танысты. Өйткені, Бурабай ет өнімдерін Дубай тұрғындары да тұтынады. Елордалық делегация кәсіпорынның өндіріс орындарын, мұздатқыш камераларды, етті бөлу цехтарын аралап көрді. 2022 жылы «KazBeef Processing» ЖШС 4,9 миллион теңге субсидия алды. Зауытта тәулігіне 35 бас ірі қарасойылып, ауысымына 13 тонна ет дайыналады. Алдағы екі жылда серіктестік «Щучинск сүт зауыты» ЖШС-нің бордақылау алаңдарында өсірілген ірі қара малды союды тәулігіне 160 басқа арттыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ,«KazBeef Processing» компаниясының метро желісімен премиум класты сиыр етін жеткізу бойынша ұзақ мерзімді келісім-шарттары бар. Оған қоса, «Дубай тек бізден өндірілетін мәрмәр етін сұрайды», – деп атап өтті кәсіпорын басшылары.

Серік Жұманғарин жұмыс сапарының соңында ТМД-дағы ең ірі ауыл шаруашылығы техникасын сатумен және техникалық қызмет көрсетумен айналысчатын «Еуразия Групп Қазақстан» ЖШС орталығында болды және Көкшетаудағы «Асыл Арман», «Гормолзавод» жетекші кәсіпорындарының қызметімен танысты.Сонымен қатар, онда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және тауарлы-сүт фермаларының басшыларымен кездесіп, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Вероника БУРДА.

Ақпарат «Арқа ажары» газетінен алынды

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img