spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
5.6 C
Kokshetau

Қазақстандық жеңіл атлеттер Бурабайда жиналады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстандық жүгіру әуесқойлары 19 ақпанда «Бурабай» ұлттық саябағына жиналып, Жумбактас аралын қоршаған Бурабай көлінің жалпақ мұзы арқылы бірегей экстремалды жарысқа қатысады. BURABAY ICE 2023 жарысы нағыз trail running жанкүйерлерінің басын қосады.

Қазақстандағы спорттық-бұқаралық іс-шаралардың ірі ұйымдастырушыларының бірі «Экстремалды Атлетика» қоғамдық бірлестігі «Rebel Running» ЖК-мен бірлесіп Қазақстанның солтүстік інжу-маржанының қатал қысына, суық желіне және кристалды мұзына қарсы нағыз сынақ дайындады. Жарыс қашықтықтарының кез келгенін таңдауға болады: 7 км,14 км және 21,1 км жүгіру немесе 7 км скандинавиялық серуендеу.

Бүгінгі таңда жарысқа 200-ден астам спортшы тіркелді, олардың арасында Испания, Канада, АҚШ, Чехия, Оңтүстік Африка, Беларусь, Украина, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия спортшылары, сондай-ақ ҚР барлық облыстарынан спортшылар бар.

«Бұл іс-шара жүгіру әуесқойлары үшін өз күштерін тексеруге тамаша мүмкіндік. Біз бұл жарысты қолдадық, өйткені жүгіру мәдениеті мен салауатты өмір салтын дамыту және қолдау қажеттілігін түсінеміз, бұл шара адам жасына қарамастан бос уақыт өткізудің және дене шынықтырудың тамаша тәсілі», – деді Ақмола облысының әкімі Е. Б. Маржықпаев.

 

Медаль  мәреге жеткен барлық жүгірушілерге беріледі.

 

«Жарысқа кез келген жастағы спортшылар мен жастар   қатыса алады. Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық саябақтың туристік дестинациясын  дамыту, «Leave no Trace» экологиялық концепциясына назар аударту. Бұл Қазақстандағы көл мұзы бойынша алғашқы және бірегей экстремалды жарыс, ол алыс және жақын шет елдерден келетін көптеген спортшыларды жинайды. Жарыс директоры Павел Тенцердің айтуы бойынша “Бұл жарыс өңір бойынша жүгіру сериясындағы үш жарыстың бірі болып табылады және сол үшеуі бойынша жүгіргендерге жеке жүлде санаты болады», – деді

Іс-шараның демеушілері мен серіктестерінің қатарында Дене шынықтыру және спорт басқармасы, KAZ Minerals компаниясы, «Бурабай» ұлттық паркі, ауыз су өндірушісі Turan, Алматы, Қарағанды, Нұр-сұлтан, Павлодар, Тараз, Орал, Шымкент қалаларының жүгіру клубтары. Басталу алаңының орны – Бурабай көліндегі қайық станциясы. Іс – шараның ақпараттық серіктесі-Kazakh Tourism ҰК АҚ. Жарысқа төмендегі  сілтеме бойынша тіркелуге болады https://athletex.kz/competitions/burabayice94

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img