spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
6.2 C
Kokshetau

Ақпарат министрі: Журналист пен блогерді айыру үшін баспасөз картасын енгіземіз

Сондай-ақ...оқыңыз

Дархан Қыдырәлінің айтуынша, баспасөз картасын министрлік емес, журналистік қауымдастық тарапынан құрылатын комиссия береді. 

Үкімет кулуарында журналистер ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліден «Масс медиа туралы» заң жобасындағы баспасөз картасының неге енгізіліп отырғанын сұрады.

«Баспасөз картасы журналистің мәртебесін айқындау, оларды блогерлерден айыру үшін беріледі. Жалпы, Еуроодақтың біраз мемлекетінде және Түркияда біраз жылдардан бері кеңінен қолданылады. Сондықтан, баспасөз картасын тәжірибесін шетелден алып отырмыз», – деп түсіндірді министр.


Министрдің айтуынша, блогерлер қызметі «Масс медиа туралы» заңымен емес, енді қолға алынған онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы заңмен реттеледі.

«Кәсіби журналистер өзін блогерлерден айыру туралы айтып отыр. Сондықтан, блогерлер үшін онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы бөлек заң әзірлеп жатырмыз. Ал «Масс медиа туралы» заң кәсіби журналистердің құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған», – деді министр.

Дархан Қыдырәлінің айтуынша, баспасөз картасын Ақпарат министрлігі емес, журналистік қауымдастық тарапынан құрылатын комиссия береді.

 

Ақпарат пен фото «іnformburo.kz» сайтынан алынды

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img