spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
16.6 C
Kokshetau

Интернет алаяқтықтың 700-ден астам жағдайы тіркелді

Сондай-ақ...оқыңыз

Инновациялық технологиялар қарқынды дамыған уақытта сандық қызметтер көрсетудегі киберқылмыс қаупінің көбейгені ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. Олардың ішінде азаматтардың шоттарынан алаяқтық пен ақша ұрлаумен байланысты қылмыстар басым. 5 жыл ішінде олардың саны 10 есе өсті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Ермек Манатов баяндады.

Қылмыстың бұл түрі экономикаға ғана емес, елдің ұлттық қауіпсіздігіне де орасан зор зиян келтіреді. Олар жалпы халықтың мүддесіне зиян келтіріп, трансшекаралық сипатта бүлік тудырады. Киберқылмысты жасау тәсілдері алуан түрлі. Қылмыскерлер алдын ала төлем түрінде ақша алуға немесе онлайн-қарыздарды ресімдеуге, банк шоттарына, электрондық поштаға, әлеуметтік желілердегі аккаунттарға және тағы да басқа да қызметтерге қол жеткізу үшін азаматтардың дербес деректерін иемденуге бағытталған әлеуметтік инженерия әдістерін пайдаланады.
Сондай-ақ, ең танымал фишингтік интернет-ресурстар, қоңырау шалушының нөмірін ауыстыруға, соның ішінде қоңырау шалушының дауысын өзгертуге мүмкіндік беретін хакерлік бағдарламалар мен жаңа қылмыстық схемалар ойлап табылуда.

  • 2022 жылдың қорытындысы бойынша облыс төңірегінде тәртіп сақшылары 764 интернет – алаяқтық тіркеді, оның 150-і аяқталды. Өткен жылдың 26-28 шілде аралығында Ақмола облысының аумағында «anti-fraud» Республикалық жедел-алдын алу іс – шарасы өтті, нәтижесінде 13 қылмыс анықталды. Сондай-ақ, 1-5 тамыз аралығында Ақмола аумағында «Интернет-алаяқтық және алдын алу» ЖМК өткізілді, оның нәтижелері бойынша 8 қылмыс ашылды, – деді облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Ермек Манатов брифингте.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері осы жылдың басынан бері «ОЛХ», «Крыша», «Колеса» платформасында жалған хабарландырулардың 178 сілтемесін анықталып, «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы бұғатталды. Сондай-ақ, құқыққа қайшы контент белгілеу мақсатында әлеуметтік желілердің мониторингі бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Жыл басынан бері барлығы 877 сілтеме анықталды, оның 348-і бұғатталған, қалғандары зерттеу сатысында.

  • Екінші деңгейдегі банктердің филиалдарымен банк карталарын ұстаушы клиенттерге кибер алаяқтықтың кең таралған әдістері туралы СМС-хабарламалар мен «Push-хабарламалар» тарату туралы келісімге қол жеткізілді. Әр банкте Сенім телефондары мен Call-орталықтар құрылды. Депозиттік шоттарды және банк клиенттерінің құпия мәліметтерін қорғау жүйесі күшейтілді. Азаматтарды кибер алаяқтықтың кең таралған әдістері туралы ескерту мақсатында алаяқтықтың кең таралған түрлері мен сақтық шаралары туралы хабардар болу үшін «Beeline», «Kcell», «Tele2/ALTEL» ұялы байланыс операторларының облыстық филиалдарына SMS-хабарламалар, мобильді құрылғыларға және азаматтардың абоненттік нөмірлеріне хабарламалар жіберу арқылы ұсыныс жолданды. Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде облыс аумағында интернет-алаяқтық фактілерін тіркеу төмендеді», – деп түйіндеді Ермек Манатов.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Бізге көзбояушылық қажет емес, нақты істер қажет!»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img